ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
12.07.2026, 17:00

Қостанай және Рудный епархиясы Епархиялық кеңесінің отырысы өтті

Қостанай және Рудный епархиясы Епархиялық кеңесінің отырысы өтті

8 шілде 2026 жыл. Қостанай. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен епископ Тимонның (Русанов) атындағы әкімшілік және рухани-мәдени орталықта Қостанай және Рудный епархиясының Епархиялық кеңесінің отырысы өтті.

Жиынды Қостанай епархиясы хатшысының міндетін атқарушы, иеромонах Геннадий (Бурдюжа) басқарды.

Отырысқа қатысқандар: Лисаковск шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Олег Калмыков; Сарыкөл шіркеу округінің құрметті өкілі  протоиерей Виталий Клеба; Қостанай шіркеу округінің құрметті өкілі иерей Андрей Крутин; Қостанай және Рудный епархиясының рухани тәлімгері, протоиерей Андрей Корчажников; Рудный қаласындағы Әулие Иоанн Богослов кафедралды соборының кілтшісі, иерей Евгений Бикмансуров.

Епархиялық кеңестің отырысы кез келген игі істі бастар алдында Киелі Рухтың жәрдемін тілеу дұғалық әнімен басталды.

Жұмыс басталар алдында иеромонах Геннадий кеңес мүшелерін епархия өмірінің өзекті мәселелеріне арналған алдағы отырыстың күн тәртібімен таныстырды.

Отырыс барысында үміткерлерді қасиетті қызметке ұсыну жөніндегі комиссияның жұмысы өтті. Одан кейін жиналғандар Алматы православиелік рухани семинариясына оқуға түсуге ниет білдірген Қостанай епархиясының талапкерлерімен әңгімелесті.

Кеңес мүшелері приходтардағы рухани-ағартушылық жұмысты жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар епархиялық бөлімдердің қазіргі қызметіне талдау жасалды.

Отырыс соңында иеромонах Геннадий Епархиялық кеңес мүшелеріне, епархиялық бөлімдердің жетекшілеріне, құрметті өкілдеріне және приход басшыларына атқарылған еңбектері үшін алғысын білдірді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді