Қаланың көктегі қамқоршыларына арналған мерекелік шараларды Петропавл және Булаев архиепископы Владимир басқарды.
Архипастырь қасиетті елшілер Петр мен Павелдің құрметіне арналған кафедралды собор алдындағы алаңда Құдайлық Литургияны өткізді. Жоғары мәртебелі архиепископқа епархия дін қызметкерлері бірге қызмет етті.
Құдайға мадақ жырларын регент А.А. Затайдың жетекшілігіндегі епархияның біріккен хоры мен регент О.Н. Прохорованың жетекшілігіндегі кафедралды собор хоры орындады.
Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды иерей Михаил Березин оқыды.
Литургия аяқталғаннан кейін Петропавл кафедралдық соборының айналасында діни шеру өтті. Шеру барысында Қазақстан жері, елдің барлық тұрғындары, Солтүстік Қазақстанның игілігі мен өңірдің өркендеуі үшін дұға оқылды.
Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы, Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кириллге; Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысына, епископтарына, дін қызметкерлеріне және қауымына; сондай-ақ еліміздің Президентіне, мемлекеттік билік өкілдеріне, әскерге және бүкіл Қазақстан халқына көпжылдық игі тілек жария етілді.
Құдайға құлшылық аяқталған соң архиепископ Владимир жиналған қауымға қасиетті алғашқы елшілер Петр мен Павелдің азапкерлік ерлігінің мәні мен маңызы туралы тағылымды сөзін айтты.
Мерекелік іс-шаралар ортақ дастарқанмен аяқталды.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр