16 шілде 2026 жыл. Мәскеу. Данилов монастырындағы Патриархтық және Синодтық резиденцияда Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кириллдің төрағалығымен Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының отырысы өтті.
Қасиетті Синодтың шешімімен бұған дейін Анадырь епархиясын басқарған мәртебелі архиепископ Ипатий Қарағанды епархиясының «Сәтбаевтық» атағымен викарийі болып тағайындалды (№ 50 журнал).
Сәтбаевтық архиепископ Ипатий (зайырлы есімі – Голубев Валерий Юрьевич) 1966 жылғы 17 шілдеде Куйбышев қаласында дүниеге келген. 1969 жылы Куйбышевтегі Петропавл кафедралды соборында шоқындырылды. 1982 жылы Куйбышев қаласындағы № 96 орта мектепті тәмамдады. 1984–1986 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери қызмет атқарды. 1991 жылы Куйбышев электр байланысы институтын «Автоматты электр байланысы» мамандығы бойынша (АЭС факультеті) бітірді. 1994 жылдың шілде айынан бастап Қасиетті Үштік Сергий лаврасының мүшесі болды. 1996 жылғы 5 сәуірде лавра өкілі архимандрит Феогност (Гузиков) оны Печерск емшісі қасиетті Ипатийдің құрметіне Ипатий есімімен монашествоға қабылдады. 1997 жылдың ақпанында Новосибирск епархиясының дін қызметкерлері құрамына ауыстырылды. 1997 жылғы 24 наурызда иеродиакон дәрежесіне қол қойылды. Сол жылдың 7 сәуірінде Новосибирск және Бердск епископы Сергий (Соколов) оны иеромонах дәрежесіне тағайындады.
1996–2002 жылдары Мәскеу діни семинариясында (сырттай), ал 2006–2012 жылдары Мәскеу діни академиясында (сырттай) білім алды. 1999–2018 жылдары Құдай Анасының «Жедел Тыңдаушы» («Скоропослушница») иконасы архиерейлік өкілдігі басшысының көмекшісі қызметін атқарды. 2018 жылғы 5 сәуірде Новосибирск митрополиясының штатынан шығарылып, 6 сәуірде Анадырь епархиясының штатына қабылданды.
Қасиетті Синодтың 2018 жылғы 14 шілдедегі шешімімен (№ 50 журнал) Анадырь және Чукотка епископы болып сайланды. 2018 жылғы 19 шілдеде Мәскеу Патриархиясының істерін басқарушы, Санкт-Петербург және Ладога митрополиті Варсонофий оны архимандрит дәрежесіне көтерді. 2018 жылғы 20 тамызда Соловецкий монастырының Үштік соборында түні бойғы құлшылықтан кейін епископ болып ұсынылды. 21 тамызда Соловецкий монастырындағы Құдайлық Литургия барысында епископ болыр тағайындалды. Құдайға құлшылықты Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кирилл басқарды.
Қасиетті Патриарх Кириллдің 2018 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен Мәскеу қаласының Кунцево ауданындағы Құдай Анасының «Знамение» иконасы храмының басшысы болып тағайындалды.
2019 жылғы 17 наурызда Мәскеудегі Құтқарушы Христос храмында өткен Құдайлық Литургия барысында Қасиетті Патриарх Кирилл оны архиепископ дәрежесіне көтерді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Қасиетті Синодтың отырысына қатысуда
Толығырақ
Қасиетті Синодтың шешімімен Қарағанды епархиясының викарийі тағайындалды
Толығырақ
Серафим-Феогност ерлер монастырінің көктегі қамқоршыларының қасиетті жәдігерлері табылғанына 25 жыл және оның қайта жаңғыртылғанына 30 жыл толуына арналған рухани мерекелік іс-шаралар өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр