19 шілде 2026 жыл. Алматы. Қазан соборында өткен Құдайлық Литургиядан кейін Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен «Қазақстан халықтарының аңыздары» саябағында отбасы, сүйіспеншілік және адалдық күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараны Қазақстан Митрополиттік округінің мәдениет жөніндегі комиссиясы (жетекшісі – Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Л.Е. Горичева), Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігі, «Сен әлемге керексің» жобасы және «Eleos-Meirim» қоғамдық қоры (президенті – В.М. Капсамун) ұйымдастырды.
Мерекеге дін қызметкерлері, Алматы қаласындағы храмдардың прихожандары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, көпбалалы отбасылар және қала тұрғындары қатысты.
Жиналған қауымға Қазан соборының басшысы иерей Георгий Рублинский, «Сен әлемге керексің» жобасының жетекшісі иерей Богдан Бойко және Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің басшысы М.С. Симакова құттықтау сөз сөйледі.
Одан кейін ресми некеде 25 жылдан астам өмір сүрген ерлі-зайыптыларға «Махаббат пен адалдық үшін» медалін табыстау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігі дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтауға, балалар тәрбиесіне және қоғамдық қызметке елеулі үлес қосқан отбасыларды марапаттады.
Салтанатты рәсімнен кейін концерт ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында Юлия Касаткина ансамблінің солисі Амира Калимуллина «Барыня» атты орыс халық биін орындады. Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Марина Гранова «Отбасы әнұранын» орындап, аспаптық музыка дуэті өнер көрсетті.
Балалар мен ересектер үшін «Үлкен отбасы – үлкен таланттың негізі» атты көрме және «Сен әлемге керексің» жобасының еріктілері мен Қазан соборының жастар қозғалысы дайындаған қолөнер бұйымдарының қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Қонақтар гипстен жасалған мүсіндерді бояу, білезік тоқу, сурет салу, аппликация жасау және әшекей бұйымдарын әзірлеу бойынша шығармашылық шеберлік сабақтарына қатысты.
Іс-шара соңында «Сен әлемге керексің» жобасының жетекшісі иерей Богдан Бойко ұйымдастырушыларға, еріктілерге және мерекеге қатысушыларға атқарған еңбегі мен белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, мерекені дайындау мен өткізуге атсалысқан Қазан соборының жастар қозғалысы өкілдеріне алғыс хаттарвн табыс етті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр