2026 жылғы 20 тамыз – Иеміздің Құбылу мерекесінің жалғасы; Воронеж епископы, әулие Митрофанды еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы облысының Боралдай кентіндегі Құдай Анасының Иверская иконасының құрметіне арналған храмда Құдайлық Литургияны өткізді. Иверский шіркеуінің төменгі храмы Воронеждік әулие Митрофанның құрметіне қасиеттелген.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер:Илий шіркеулік округінің құрметті өкілі протоиерей Александр Зырянов; Иверский храмының басқарушысы игумен Филарет (Петроченко); Жетіген кентіндегі әділ Иоанн Кронштадтскийдің құрметіне арналған храмның басқарушысы протоиерей Вадим Алексеев; Қараой кентіндегі Ильинский шіркеуінің басқарушысы протоиерей Георгий Лаговский; Чапаево кентіндегі Серафимовский шіркеуінің басқарушысы иерей Александр Агеев; Митрополиттік округтің қайырымдылық және әлеуметтік қызмет жөніндегі комиссиясының жетекшісі протоиерей Вячеслав Пугачев; Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Байсерке ауылындағы Димитриевский храмының басқарушысы иерей Владимир Шишлов; иеромонах Савва (Кульбакин); иеродиакон Афанасий (Козел), диакон Георгий Ткаченко және иеродиакон Зинон (Маров).
Храмның ортасындағы арнайы тұғырда Иверский шіркеуінің қасиетті жәдігері – әулие Митрофанның киелі жәдігерінің бөлшегі салынған иконасы орналастырылды.
Литургиялық әндерді диакон Александр Пивняның жетекшілігімен Алматы епархиясының ерлер хоры орындады.
Құлшылықта дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников, сондай-ақ Боралдай кенті мен оған жақын елді мекендердің тұрғындары.
Қасиетті өлеңнен кейін уағызды иерей Георгий Сидоров оқыды.
Құлшылық Иеміздің Құбылу және Воронеждік әулие Митрофанды ұлықтаумен аяқталды. Осыдан кейін архипастырь дін қызметкерлері мен жамағатты храмның мерекесімен құттықтап, уағызын айтты.
«Воронеждік әулие Митрофанның тұлғасы біз үшін өте маңызды, өйткені ол өз іс-әрекеттерімен қазіргі заманның өзекті мәселелеріне жауап береді. XVII ғасырдың соңында Русь әлемі Батыс Еуропадан келіп жатқан жаңа үрдістерді мұқият бағамдап отырды. Халықтың едәуір бөлігі шетелден келген ешбір жаңалықты үзілді-кесілді қабылдамады – олар барлық жаңашылдықтар орыстардың ежелгі православиелік тұрмыс салтын бұзады деп санады. Бұл адамдар ескі ғұрыптарды ұстанып, мемлекеттік биліктің барлық бастамаларына барынша қарсы тұрды. Алайда бұл жол тұйыққа тірейтін жол еді…
Даналығымен әрі көрегендігімен ерекшеленген әулие Митрофан өз қауымының адамгершілік қасиеттерін түзету жолында тынымсыз еңбек етіп, тақуалық пен әділдікті қорғап, өзінің киелі өмірі және Мәсіхтегі ғұмыры арқылы үлгі көрсете отырып, сонымен қатар Ұлы Петр патшаның шаруашылық реформаларындағы серігі әрі көмекшісі болды. Ол флоттың құрылысын қолдап, Ұлы Петрге жаңа империялық астананың негізін қалауға батасын берді. Әрине, император Петр өзінің жеке қасиеттері тұрғысынан православиелік Монархтың идеалынан алыс еді, алайда оның қолға алған мемлекеттік және әскери құрылыс ісі, ең алдымен, елді сақтап қалу, оның қуатты Швед корольдігі мен Осман империясының тарапынан бөлшектеніп кетуіне жол бермеу үшін қажет болды. Әулие Митрофан мұны өте жақсы түсінді. Ол Патшаның игі істеріне тірек бола отырып, кейде билеушінің зайырлы әуестіктеріне қарсы өз ойын ашық та батыл білдіріп отырды». Митрополит Александрдың уағызынан.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр