ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
22.08.2026, 13:00

Қазақстанға православиенің ұлы қасиетті жәдігері – Тримифунттық әулие Спиридонның шірімей сақталған сүйегі әкелінеді

Қазақстанға православиенің ұлы қасиетті жәдігері – Тримифунттық әулие Спиридонның шірімей сақталған сүйегі әкелінеді

2026 жылғы 21 қыркүйекте Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен және Керкирск, Паксийск және Диапонтийск аралдарының митрополиті Нектарийдің ізгі келісімімен Корфу аралынан Қазақстан Митрополиттік округінің епархияларына православие әлемінің ұлы қасиетті жәдігері – Тримифунттық әулие Спиридонның шірімей сақталған сүйегі әкелінеді.

Қазақстандағы православие дінін ұстанушылар үшін бұл оқиға бүкіл христиан әлемі қастерлейтін әулие Спиридонның киелі мүрделеріне тағзым етуге берілген бірегей мүмкіндік болмақ.

Қазақстанда қасиетті жәдігер 21 қыркүйектен 11 қазанға дейін болады. Республиканың 8 қаласында Құдайдың ұлы әулиесінің киелі мүрделеріне тағзым етуге болады.

Қазақстан Митрополиттік округінің епархияларына әулие Спиридонның киелі жәдігерінің әкелу кестесі:

  • 21–22 қыркүйек – Қарағанды,
  • 23 қыркүйек – Орал,
  • 24–25 қыркүйек – Өскемен,
  • 26–27 қыркүйек – Астана,
  • 28–29 қыркүйек – Петропавл,
  • 30 қыркүйек – 1 қазан – Қостанай,
  • 2–5 қазан – Алматы,
  • 7–8 қазан – Шымкент,
  • 9–11 қазан – Алматы.

Тримифунттық әулие Спиридонның киелі жәдігерінің Қазақстанда болуы туралы қосымша ақпарат және қасиетті жәдігерді еліміздің қалаларына әкелу кестесіндегі өзгерістер туралы мәліметтер қосымша түрде сайтымызда жарияланатын болады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді