27 тамыз 2026 жыл. Алматы. Аса Қасиетті Құдайананың Успение мерекесі қарсаңында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Вознесенский кафедралды соборында түні бойы құлшылықты басқарды.
Оңтүстік астананың басты храмында өткен құлшылықта Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Алматы епархиясының рухани жетекшісі архимандрит Иоанн (Сазонов), Вознесение кафедралдық соборының кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов және собор дін қызметкерлері.
Әндерді Митрополиттік округтің хоры (регенті – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников, хормейстері – В. Дударева) және Вознесенкий соборының хоры (регенті – Е. Богуславец) орындады.
Ұлы кешкі құлшылықта шіркеу Жарғысына сәйкес нан, шарап, бидай және май қасиеттелетін лития – ерекше күшейтілген дұға ету рәсімі орындалды.
Таңғы құлшылықта «Рождествода пәктікті сақтадың» атты мерекелік тропарь орындалып жатқан кезде, алтарьдан храмның ортасына Құдай Анасының Успениесі бейнеленген жамылғы шығарылып, гүлдермен безендірілген табытқа қойылды.
Інжілден үзінді оқылғаннан кейін митрополит Александр жиналған қауымды келе жатқан мерекемен құттықтап, дін қызметкерлері мен сенушілерді қасиеттелген маймен майлады.
Мерекенің дәл күні Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астанадағы Успение кафедралдық соборында Құдайлық Литургияны басқарады. Құдай Анасының Успение мерекесі – Қазақстан Православие Шіркеуінің басты храмының престолдық мерекесі. Литургияның басталуы 9:00-де.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр