28 тамыз 2026 жыл. Астана. Ең Қасиетті Құдай Анасының Успение мерекесінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан жерінде жарқыраған Бүкіл әулиелердің құрметіне арналған соборды, Радонежскийлік қасиетті Сергийдің құрметіне арналған храмды және Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени әрі ағартушылық орталығын қамтитын шіркеулік сәулет кешенінің құрылыс алаңында болды.
Жоғары Мәртебелі Қазақстан жерінде жарқыраған Бүкіл әулиелердің құрметіне салынып жатқан храмның қоңырау мұнарасына арналған күмбезді қасиеттеу рәсімін жасады.
Қасиеттеу рәсімінде дұға еткендер: Астана шіркеулік округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Сергий храмының клириктері, епархиялық басқарманың қызметкерлері және храмының құрылыс жұмыстарына жауапты мамандар.
Жарғылық дұғалар оқылғаннан кейін иерарх күмбезге қасиетті су септі. Храи құрылысшылары мен қайырымдылық жасаушыларға көпжылдық тілек айтылды. Митрополиттіа округтің Басшысы жиналғандарға престолдық крестпен бата берді.
Дұға ету аяқталған соң Жоғары Мәртебелі храмның қазіргі құрылыс жұмыстарымен танысып, сәулет кешенінің құрылысына жауапты мамандардың баяндамаларын тыңдады және тиісті тапсырмалар берді.
Кеңес соңында Митрополиттік округтің Басшысы жиналғандарға еңбектері үшін алғысын білдіріп, Астананың православ тұрғындары асыға күтіп отырған храм кешенін тұрғызу сияқты игі әрі жауапты іске баршаға Құдайдың жәрдемін тіледі.
«Бұл ауқымды жоба Мәскеу және Бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кириллдің батасын алып, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауына ие болды. Мемлекет басшысы Православиенің тарихи маңызын жоғары бағалап, оның халқымыздың бірлігін, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтудағы рөлін әрдайым атап көрсетеді. Мешіттер мен православие храмдарының салынуы егемен Қазақстанның аса маңызды жетістіктері – ұлтаралық татулықтың, этносаралық келісімнің, Ұлы даланың сан ғасырлық тарихы мен бай мәдениетіне деген құрметтің көрнекі көрінісі болып табылады. Қайырымдылық жасаушылардың ізгі қолдауының арқасында қазіргі уақытта рухани-ағартушылық орталықтың құрылысы қарқынды жалғасуда. Терең мағынаға толы Қасиетті Патриарх Кириллдің мына сөздерін еске алғым келеді: «Ғибадатхана тұрғызған адам тарихқа енеді. Тек адамзат тарихына ғана емес. Бұл адамдардың есімдері Өмір кітабына ерекше жазылады».
Құдайдың рақымымен аз уақыттан кейін жаңадан салынған рухани-ағартушылық кешенді қасиеттеу рәсімінің қатысушылары болып, оның қызметінің халқымыз бен Қазақстанның қасиетті жерінің игілігі үшін басталуына куә боламыз деп шын жүректен үміттенемін»,- деді, атап айтқанда, митрополит Александр.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр