4 қыркүйек 2026 жыл. Санкт-Петербург қаласы, Ресей. Астана және Қазақстан митрополиті Александр Санкт-Петербург қаласындағы Иоанн Кронштадтскийдің қасиетті жәдігерлері сақталған Иоанн ставропигиалды әйелдер монастырына қажылықпен келді.
Жоғары мәртебеліні бірге алып жүргендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников және митрополиттің хатшы-референті П.В. Соколов.
Монастырьда Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысын монастырь игумениясы Людмила (Волошина) қарсы алды.
Митрополит Александр Рыльскілік қасиетті Иоанн храмына барып, кейін қасиетті әділ Иоанн Кронштадтскийдің қасиетті жәдігерлері жатқан жерасты шіркеуіне түсті. Митрополит әулие Құдайға жаққан Иоаннға дұға оқып, қасиетті жәдігерлер салынған табытқа тағзым етті.
Санкт-Петербургтегі Карповкада орналасқан монастырьдың негізін қалаушы – қасиетті әділ Иоанн Кронштадтский. Монастырь құрылысы 1900 жылдың көктемінде сәулетші Никоновтың жобасы бойынша басталды. Жоба император Николай II тарапынан қаралып, мақұлданды. 1903 жылғы ақпанда Қасиетті Синодтың шешімімен монастырь Рыльскілік преподобный Иоаннның атымен Иоанн монастыры деп аталып, дербес мәртебеге ие болды. Монастырь ғимаратының төменгі қабатында оның құрметіне алғашқы храм бой көтерді. 1924 жылы монастырь ресми түрде жабылды. 1989 жылғы қарашада монастырьды қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. 1991 жылғы 25 желтоқсанда Иоанн әйелдер монастыры дербес болып, ставропигиалды мәртебеге ие болды.
Бұдан кейін Қазақстан Митрополиттіа округінің басшысы Васильев аралындағы Құдай Анасының Смоленск иконасы храмына және православие әлеміндегі аса қадірлі әулиелердің бірі – Петербургтік киелі Ксенияға арналған Смоленск зиратындағы шағын шіркеуге барды. Шағын шіркеу 1902 жылы Петербургтік Ксенияның жерленген орнына салынған. Оның қабірі храмның ішінде, мәрмәр қабіртастың астында орналасқан. Смоленск зиратындағы киелі Ксенияның қабірі әулие XIX ғасырдың басында дүниеден өткеннен кейін-ақ қажылық ететін орынға айналды. Мұнда дерттен және бала көтере алмаудан айығу, отбасылық бақыт тілеу және күнделікті өмірдің жұмыс пен оқудан бастап сот дауларына дейінгі көптеген мәселелерінде дұға арқылы көмек сұраған мұқтаж жандар ағылып келетін. Қабір үстіндегі төбешіктің топырағын адамдар қасиетті орын ретінде уыстап алып кететін болғандықтан, оны жыл сайын қайта қалпына келтіріп отырған. Қабірді тақтамен жапқанымен, адамдар одан да ұсақ бөлшектерді алып, әлемнің түкпір-түкпіріне таратқан. Қасиетті орынды сақтау мақсатында сонау 1830-жылдары халықтың қайырымдылық қаражатына алғашқы шағын шағын шіркеу салынды. Ал 1902 жылы Смоленкадағы анамыз Ксенияның қабірінің үстіне сәулетші Александр Александрович Всеславиннің жобасы бойынша неорусь стиліндегі, алтын жалатылған күмбезі мен витражды терезелері бар храм-часовня ғимараты тұрғызылды. 1940 жылы қасиетті орын жабылды. Біраз уақыттан кейін – 1947 жылдың ақпанынан 1960 жылға дейін часовня қайтадан діндарлар үшін ашылды. Кейін тағы да жабылып, тек 1983 жылы Смоленск храмының қауымына қайтарылды. Қалпына келтіру жұмыстарынан кейін часовня 1987 жылғы 10 тамызда қайта қасиетті етілді.
Қасиетті әділ Иоанн Кронштадтский мен киелі Петербургтік Ксения анамыздың қасиетті жәдігерлері алдында митрополит Қазақстан Митрополиттік округінің епископтары, пастырлары, монахтары мен миряндары үшін, Қазақстан жерінің бейбітшілігі мен береке-бірлігі үшін, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаев үшін, билік өкілдері, әскер және ел халқы үшін ерекше дұғалар жасады.
Нева жағасындағы қаланың қасиетті орындарына қажылық еткеннен кейін митрополит Александр Мәскеуге аттанды.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр