ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
07.09.2026, 15:00

Ресей ФМБА Ұлттық медициналық зерттеу оториноларингология орталығының үй шіркеуінің қызметкеріне Қазақстан Митрополиттік округінің жоғары наградасы табысталды

Ресей ФМБА Ұлттық медициналық зерттеу оториноларингология орталығының үй шіркеуінің қызметкеріне Қазақстан Митрополиттік округінің жоғары наградасы табысталды

7 қыркүйек 2026 жыл. Мәскеу.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Ресейдің Федералдық медициналық-биологиялық агенттігіне (ФМБА) қарасты Ұлттық медициналық зерттеу оториноларингология орталығында болды. Иерархты мекеме директоры, Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Н.А. Дайхес қарсы алды.

Медициналық зерттеу орталығының Никольский үй храмында митрополит Александр дәрігерлер мен қызметкерлерге Құдайдың жәрдемін тілеу және науқастардың сауығуы үшін дұға етті.

Құлшылықта дұға еткендер: профессор Н.А. Дайхес, Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников, дәрігерлер, медицина қызметкерлері мен пациенттер.

Николай Аркадьевич архипастырға Ғылыми-клиникалық оториноларингология орталығының рухани өміріне тұрақты қамқорлық көрсетіп келе жатқаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Н.А. Дайхестің ұсынысымен митрополит Александр Никольский храмында көп жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан Любовь Александровна Кривенцеваны Митрополиттік округтің жоғары наградасы — Қырым архиепископы, әулие әрі дәрігер Лука орденімен марапаттады.

Марапатты табыстау барысында Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, атап айтқанда, былай деді: «Ресей Федералдық медициналық-биологиялық агенттігінің Ұлттық медициналық зерттеу оториноларингология орталығы, оның негізін қалаушы әрі тұрақты директоры профессор Николай Аркадьевич Дайхес, бүгінде отандық жетекші медициналық мекемелердің бірі ретінде лайықты түрде танылып отыр. Оның қабырғасында адам денсаулығын қалпына келтіру мен сақтаудағы ізгі миссияны мақсат еткен тамаша мамандар ұжымы қалыптасқан. Медициналық зерттеу орталығының басшылығы мен қызметкерлерінің пациенттердің тек дене саулығына ғана емес, рухани саулығына да қамқорлық танытып отырғаны қуантады. Осы мақсатта Русь православ шіркеуінің екі Басшысы — марқұм Қасиетті Патриарх Алексий II мен Мәскеу және бүкіл Ресейдің Қасиетті Патриархы Кириллдің батасымен мекеме ішінде ғажайыптар жасаушыәулие Николайдың құрметіне арналған үй шіркеуі құрылды. Құрметті Любовь Александровна, Сіз көптеген жылдар бойы әулие Николай шіркеуінде жанқиярлықпен еңбек етіп, медициналық орталықта ем қабылдап жатқан жандарға рухани қолдау көрсету ісінде дін қызметкерлеріне үлкен көмек көрсетіп келесіз. Сіз күн сайын дерлік таңертең ерте уақыттан кешке дейін храмда болып, оның тазалығы мен көркеюіне қамқорлық жасайсыз, православие дініне қызығушылық танытқан жандарға сауатты кеңес беріп, сырқат жандарға жүрек жылуыңызбен демеу көрсетесіз.

Адамдарға деген ықыласты қарым-қатынасыңыз бен жанашырлығыңыз арқылы олардың жан дүниесіндегі қайғы мен мұңды жеңілдетуге ықпал етіп, пациенттердің сауығу ісіне өзіңіздің ізгі үлесіңізді қосып келесіз.

Мейірімділігі шексіз Жаратушы Иеміз барлық игі істеріңіз бен бастамаларыңызда Сізге жәрдем беріп, деніңізге саулық, ғұмырыңызға ұзақтық берсін».

Одан әрі профессор Н.А. Дайхес пен Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы медицина қызметкерлері мен пациенттерге рухани қолдау көрсету бағытындағы алдағы ынтымақтастық жоспарларын, сондай-ақ Ғылыми-клиникалық орталық пен Қазақстан Митрополиттік округінің әулие Лука (Войно-Ясенецкий) атындағы медициналық орталығы арасындағы байланысты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді