2026 жылғы 22 қыркүйек - Қасиетті Құдай Анасының Рождествосынан кейінгі мереке күні, әділ Иоаким мен Аннаны еске алу күні, сондай-ақ Чернигов архиепископы әулие Феодосийдің қасиетті жәдігерлерінің табылуы мен көшірілуіне арналған мереке.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Астана қаласының ең көне храм — Константино- Еленинск соборында Құдайлық Литургияны өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуі Басшысы Астана шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Астанадағы Құдай Анасы «Жоғалғандарды іздестіру» иконасы құрметіне арналған әйелдер монастырының рухани жетекшісі иеромонах Модест (Дроздов), Астана қаласындағы преподобный Серафим Саровский шіркеуінің діни қызметкері иеромонах Силуан (Синегубов), иерей Николай Коваль, Ақмола облысы Аққайық ауылының Әулие Николай шіркеуінің настояторы иерей Владислав Коваленко, Астанадағы Сергий Радонежский шіркеуінің діни қызметкері иерей Андрей Ивашинин, протодиакон Владимир Сыровацкий, протодиакон Александр Мокий, диакон Илия Саляхов және диакон Иоанн Янчук қызметтесті.
Литургия кезінде Астанадағы Құдай Анасының «Жоғалғандарды іздеустіруші» иконасы құрметіне арналған монастырьдың монахиналары, епархиялық басқарма қызметкерлері және ғибадатхана прихожандары дұға етті.
Құлшылық кезінде Константин және Елена шіркеуінің хоры Н. Мазуринаның жетекшілігімен діни әндерді орындады.
Қасиетті Дарыларды қабылдау алдындағы жырдан кейінгі уағызды иеромонах Силуан (Синегубов) айтты.
Литургия Қасиетті Құдай Анасының Рождествосы мерекесіне арналған мадақтау рәсімімен аяқталды.
Митрополит Александр дін қызметкерлері мен прихожандарға ортақ дұғалары үшін алғыс айтып, тағылымды сөз сөйледі.
Иерарх жиналған діндарларды қасиетті сумен бүркіп өтті.
Қазақстанның шахтерлер астанасында Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерінің болуы жалғасуда
Толығырақ
Митрополит Александр Астанадағы Константино- Еленмнск соборында Литургия өткізді
Толығырақ
Митрополиттік округінің Басшысы Қарағандыдағы Старо-Михайловск зиратына барып, мәңгілік есте сақталатын схиархимандрит Пахомий рухына (Горошко) арнап лития оқыды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр