ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
27.09.2026, 10:00

Қазақстан Православ Шіркеуінің Басшысыны архипастырлық тағайындалу күнімен Алматы рухани семинариясының басшылығы, ұстаздары мен шәкірттері құттықтады

Қазақстан Православ Шіркеуінің Басшысыны архипастырлық тағайындалу күнімен Алматы рухани семинариясының басшылығы, ұстаздары мен шәкірттері құттықтады

27 қыркүйек 2026 жыл.Иеміздің Өмір сыйлаушы Крестін ұлықтау мерекесінде Қазақстан Православ Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрды архипастырлық тағайындалу жылдығымен Алматы православ рухани семинариясының басшылығы, ұстаздары мен шәкірттері құттықтады:

Аса құрметті Жоғары мәртебелі, қадірлі әмірші!

Епископтық тағайындалуыңыздың жылдығына орай құттықтауымызды қабыл алыңыз.

Жас кезіңізден-ақ жүрегіңіздегі шынайы қалауыңыз Қасиетті Шіркеуге қызмет ету болды. Осы арқылы Сіз Қасиетті әрі Шынайы Билеушінің (Откр. 6:10) ықыласына бөлендіңіз. Ол Сізді апостолдардың ізбасарларының қатарына қосып, Өзінің Қанымен Өзіне иемденген Иеміздің Шіркеуін бағуға белгіледі (Деян.20:28).

Өмірдің барлық жағдайында Сіз рухани беріктіктің, Православиеге деген адалдықтың және өз таңдаған жолыңызға беріктіктің үлгісін көрсетіп келесіз. Адамды иландыра білу дарыныңыздың арқасында Шіркеудің мемлекетпен және қоғаммен, ғылым, білім және мәдениет қайраткерлерімен ынтымақтастығын табысты дамытып келесіз. Сізді православ халқы шын жүректен жақсы көреді, ал дәстүрлі конфессиялардың өкілдері құрмет тұтады. Көптеген шіркеу және зайырлы қоғам өкілдері үшін Сіз жоғары бедел иесі, еңбекқорлық пен мақсаткерліктің үлгісі болып табыласыз.

Мәсіхтің Інжілін уағыздап, ұзақ төзіммен тәлім беріп, насихаттай отырып, Сіз өз қауымыңыздың күнделікті қажеттіліктеріне қамқорлық жасауды да ұмытпайсыз. Құдай Сізге сынақ кезінде жұбата білу, өмірлік қиындықтарды еңсеруге үміт ұялату, жігер беретін сөзіңізбен және ізгі ісіңізбен қолдау көрсету қабілеті мен дарындарын сыйлады.

Мейірімді Қорғаушы әрі Көк Патшайымы — Қасиетті Құдай Ананың құдіретті жамылғысы Сізді әрдайым қорғап, Құдай есімінің даңқы үшін ыждағатпен әрі сүйіспеншілікпен атқарып жүрген еңбектеріңізге батасын берсін.

Εἰς πολλὰ ἔτη, δέσποτα!

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді