2026 жылғы 27 қыркүйек — Елуінші күн мейрамынан кейінгі 17-ші жексенбі, Иеміздің Қасиетті әрі Өмір сыйлаушы Крестін бүкіл әлем бойынша ұлықтау он екі ұлы мерекесінің бірі.
Өмір сыйлаушы Крестті ұлықтау мерекесі Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың өмірінде айрықша орын алады. Осыдан 37 жыл бұрын Мәскеу қаласындағы Елоховодағы Богоявление кафедралды соборында Александр билеушінің епископтық хиротониясы өтті. Қасиетті Патриарх Пименнің батасымен хиротония рәсімін сол кезде Ростов және Новочеркасск митрополиті болған, кейіннен Украин Православ шіркеуінің Предстоятелі қызметін атқарған, бүгінде мәңгілік жадымызда қалған митрополит Владимир басқарды.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Астана қаласындағы Успенск кафедралды соборында Құдайлық Литургияны басқарды.
Митрополиттік округтің Басшысына қызмет еткендер: Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан; Орал және Атырау епископы Вианор; Астана шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев); Алматы қаласындағы Құдай Анасының «Барлық қайғырғандарға қуаныш» иконасы құрметіне арналған ғибадатхананың басқарушысы протоиерей Евгений Воробьев; Элладалық Православ шіркеуінің протопресвитері Эвангелос Кутрас; Алматы рухани семинариясының проректоры, теология ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор, игумен Агафангел (Гагуа); Астана қаласындағы Саровтың қасиетті Серафимі ғибадатханасының клиригі иеромонах Силуан (Синегубов); Элладалық Православ шіркеуінің протопресвитері Фома Костамонитис; кафедралды собордың клиригі иерей Григорий Куликов; Митрополиялық округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Алматы қаласындағы Қазан кафедралды соборының басқарушысы иерей Георгий Рублинский; иерей Виктор Дрожников; Сергиев ғибадатханасының клиригі иерей Андрей Ивашинин; протодиакон Николай Гринкевич, митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, протодиакон Александр Мокий, диакон Илия Давыдов, диакон Михаил Чумаков, диакон Виталий Быструшкин, диакон Александр Пивень, диакон Георгий Ткаченко.
Сенушілердің дұғамен тағзым етуі үшін ғибадатхананың ортасына қарсаңында шығарылған Крест және Қасиетті Патриарх Мәскеулік және бүкіл Русьтік Кириллдің батасымен, сондай-ақ «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының қолдауымен Қазақстанға әкелінген Тримифунт әулие Спиридонның қасиетті жәдігері салынған сандық қойылды.
Литургия кезінде дұға еткендер: қасиетті жәдігерді Қазақстанға әкелу қажылығын ұйымдастырушы — «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун, Элладалық Православ шіркеуінің Керкира митрополиясы делегациясының өкілдері, епархиялық басқарма қызметкерлері, Астана православ жастары қозғалысының өкілдері, кафедралды собордың жексенбілік мектебінің тәрбиеленушілері, қажылар мен шіркеу жамағаты.
Құлшылық кезіндегі діни әндерді Успен соборының О. Варенцова жетекшілік ететін хоры орындады.
Шіркеулік жарғыға сәйкес, Литургия кезінде «Үш қасиетті ән» орнына: «Билеуші Ием, Сенің Крестіңе тағзым етеміз және қасиетті қайта тірілуіңді мадақтаймыз» деген стихира орындалды.
Құлшылық кезінде дұға бағышталып еске алынғандар: Қасиетті Патриарх Пимен және митрополит Александрдың епископтық хиротониясына қатысқан, бүгінде марқұм болған архиерейлер — Блаженнейший митрополит Владимир (Сабодан), митрополит Хрисанф (Чепиль) және митрополит Исидор (Кириченко); рухани ұстазы — архиепископ Мелитон (Соловьев); Қазақстанның мәңгілік жадымызда қалған иерархтары — митрополит Иосиф (Чернов) пен архиепископ Софония (Сокольский), сондай-ақ Қазақстанда Православиені нығайту жолында еңбек еткендердің барлығы.
Қауымдастыққа арналған уағызды иерей Георгий Сидоров оқыды.
Литургия Иеміздің Қасиетті әрі Өмір сыйлаушы Крестіне және әулие Спиридонға арналған мадақтаумен аяқталды. Архипастырлар мен дін қызметкерлері Тримифунт ғажайып жасаушысына дұға бағыштады.
Орыс Православ Шіркеуінің Басшысы, Мәскеу және бүкіл Русьтің қасиетті Патриархы Кириллге; Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы мен қасиетті архипастырларына; еліміздің Президенті Қ.-Ж. К. Тоқаевқа; Қазақстан билігіне, әскеріне және бүкіл халқына көпжылдық тілек айтылды.
Құлшылық аяқталғаннан кейін Талдықорған епископы Клавдиан Астана епархиясының дін қызметкерлері мен жамағаты атынан митрополит Александрға архиерейлік хиротониясының жылдығына орай құттықтау сөзін арнады.
Митрополиттік округтің Басшысы ізгі тілектер үшін алғысын білдіріп, Мәсіх Шіркеуіне қызмет етуінде Құдайдың рақымды көмегінің берілуі үшін ғибадатханаға жиналғандардан ерекше дұға етуді сұрады. Әмірші дін қызметкерлері мен сенушілерді рухани мәні айрықша қос мереке — Иеміздің Крестін ұлықтау мерекесімен және Қазақстан астанасына әулие Спиридонның қасиетті жәдігерлерінің әкелінуімен құттықтап, уағыз айтты.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр