2026 жылғы 11 қараша – Римдік Қасиетті азапкер Анастасияны еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Ивер-Серафимовский әйелдер монастырінің Матрона храмында Құдайлық Литургияны өткізді.
Құлшылыққа қатысушылардың дұға етіп тағзым етуі және рухани нығаюы үшін ғибадатханаға ұлы азап шегуші Анастасия мен Римдік қасиетті азапкер Анастасияның қасиетті жәдігерлерінің бөлшектері салынған иконасы жеткізілді.
Жоғары мәртебеліге қызмет еткендер: Астана епархиясының викарийлері – Талдықорған епископы Клавдиан мен Малотимофеевский епископы Гедеон; Рудный қаласындағы Иоанн Богослов кафедралды соборының кілтшісі игумен Максим (Бойков); игумен Онисим (Тульников); Митрополиттік округ басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Қазан соборының дін қызметкері иеромонах Херувим (Левин) және диакондар қауымы.
Құлшылықта дұға еткендер: Алматы қаласындағы Ивер-Серафимовский әйелдер монастырінің игумениясы Любовь (Якушкина) ананың басшылығымен монастырь монахинялары мен Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері.
Құлшылық барысында Ивер-Серафимгвский монастырінің София соборының хоры О. Усольцеваның жетекшілігімен ән шырқады.
Қасиетті өлеңнен кейін уағызды иеромонах Димитрий (Байдек) айтты.
Литургия аяқталғаннан кейін митрополит Александр жаңадан қайтыс болған схимитрополит Платон (Удовенко); 2025 жылғы 11 қарашада дүниеден өткен, Алматы қаласындағы Косма мен Дамиан храмының бкақарушысы, мәңгі есте сақталатын протоиерей Георгий Чистяков және қасиетті шоқындыру рәсімінде римдік қасиетті азапкері құрметіне Анастасия есімін алған өз анасы – Құдайдың құлы Анастасияны еске алып, панихида жасады.
Митрополиттік округ Басшысы жиналған қауымға архипастырлық сөз арнап, онда Римдік қасиетті Анастасияның өмір жолы мен азап шегу арқылы танытқан ерлік рухы туралы әңгімеледі.
Қасиетті азапкер Анастасия Римлянаны еске алу күні митрополит Александр Алматы қаласындағы Матрона храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Қасиетті ұлы шейіт Параскева Пятницаны еске алу күні митрополит Александр Алматыдағы Александр Невский храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Митрополиттік округ Басшысының Иран Ислам Республикасының ғылыми және қоғам қайраткерлері делегациясымен кездесуі өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр