ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
28.09.2026, 06:00

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы О.Н. Овчинниковты туғанына 55 жыл толуымен құттықтады

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы О.Н. Овчинниковты туғанына 55 жыл толуымен құттықтады

2026 жылғы 28 қыркүйекте Олег Николаевич Овчинниковтың туғанына 55 жыл толады. Мерейтойына орай оны Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл құттықтады:

Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие шіркеуінің

Митрополиттік округінің хатшысы,

Қазақстан Митрополиттік округі хорының регенті,

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы жанындағы орыс шіркеулік ән айтуын дамыту жөніндегі

Шіркеу-қоғамдық кеңестің мүшесі,

Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

О.Н. Овчинниковке

Құрметті Олег Николаевич!

Сізді 55 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын.

Ұзақ уақыт бойы түрлі жауапты қызметтерде адал еңбек ете отырып, Сіз қасиетті Шіркеуге пайда келтіруге ұдайы ұмтылып келесіз.

Регенттік қызметіңізді әкімшілік міндеттермен, Алматы рухани семинариясындағы педагогикалық еңбегіңізбен, сондай-ақ Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы жанындағы орыс шіркеулік ән айтуын дамыту жөніндегі шіркеу-қоғамдық кеңестегі қызметіңізбен ұштастырып келесіз.

Сіздің қызметіңізді ескере отырып және аталып отырған мерейтойлық датаға байланысты Сізді Мәскеу митрополиті әулие Макарий орденімен (II дәрежелі) марапаттауды әділетті деп санаймын.

Сізге күш-қуат пен шабыт, Құдайдың мол жәрдемін, барлық игі істеріңіз бен бастамаларыңызға табыс тілеймін.

Құрметпен,

+ КИРИЛЛ,

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді