ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
07.10.2026, 14:00

Тримифунт епископы, әулие Спиридонның қасиетті жәдігерлері Байқоңыр қаласына жеткізілді.

Тримифунт епископы, әулие Спиридонның қасиетті жәдігерлері Байқоңыр қаласына жеткізілді.

7 қазан 2026 жыл. Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен Қазақстанға әкелінген Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлері Алматыдағы сапарынан кейін Байқоңыр қаласына жеткізілді.

Қасиетті жәдігерді сапар барысында алып жүргендер: Астана және Қазақстан митрополиті Александр, Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан, Қазақстан Митрополиялық округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников, Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров, митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, сондай-ақ протопресвитерлер Эвангелос Кутрас пен Фома Костамонитис бастаған Керкира митрополиясының өкілдері.

Қасиетті жәдігерді «Крайний» әуежайында Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий мен Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К.Д. Бусыгин қарсы алып, одан әрі Тримифунт иерархының қасиетті жәдігерлері Әулие Георгий шіркеуіне жеткізілді.

Ғажайып қасиетті жәдігерге тағзым ету үшін Байқоңыр қаласының және жақын маңдағы елді мекендердің көптеген тұрғындары жиналды.

Архипастырлар мен дін қызметкерлері әулие Спиридонға қысқаша мадақтау дұғасын оқығаннан кейін Астана және Қазақстан митрополиті Александр басқарған мерекелік Литургия басталды.

Ұлы Христос әулиесінің қасиетті жәдігерлері Байқоңырда сағат 18:00-ге дейін болады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді