ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
04.11.2026, 15:00

Митрополит Александр Оңтүстік астанадағы Қазан соборы жанынан бой көтеретін рухани-мәдени және жастар орталығының іргетасына қойылатын ескерткіш тасты қасиетті етті

Митрополит Александр Оңтүстік астанадағы Қазан соборы жанынан бой көтеретін рухани-мәдени және жастар орталығының іргетасына қойылатын ескерткіш тасты қасиетті етті

4 қараша 2026 жыл. Алматы. Тақ мерекесін аткп өтіп жатқан Оңтүстік астананың ең көне храмында  Құдайлық литургия аяқталғаннан кейін Тримифунттық әулие Спиридонның құрметіне арналған рухани-мәдени және жастар орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті.

Іргетасқа қойылатын ескерткіш тасты Астана және Қазақстан митрополиті Александр қасиетті етті.

Қасиетті ету рәсіміне қатысқандар: Астана епархиясының викарийі, Қаскелең епископы Геннадий; Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан; Алматы шіркеулерінің құрметті өкілі, Никольск соборының басқарушысы, протоиерей Валерий Захаров; Алматыдағы Құдай Анасының «Қайғығырғандардың барлығының қуанышы» иконасының құрметіне арналған храмның басқарушысы протоиерей Евгений Воробьев; епархияның әулиелерді заңдастыру жөніндегі бөлімінің жетекшісі архимандрит Иосиф (Еременко); архимандрит Геронтий (Борисевич); Іле шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Александр Зырянов; Митрополиттік округ басшысының хатшысы, иеромонах Димитрий (Байдек); Қостанай епархиясы хатшысының міндетін атқарушы, иеромонах Геннадий (Бурдюжа); Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі, иерей Георгий Сидоров; Қазан соборының настоятелі, иерей Георгий Рублинский; иеромонах Херувим (Левин); Алматы ғибадатханаларының дін қызметкерлері; «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В. М. Капсамун; Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері, собор прихожандары және Оңтүстік астананың православие дінін ұстанатын тұрғындары.

Құлшылық рәсімі басталар алдында Митрополиттік округ Басшысы жиналған қауымды құттықтап, ересектер мен балалар православие діні, туған елінің тарихы, Қазақстанның бай мәдени және тарихи мұрасы туралы жан-жақты білім ала алатын ерекше рухани-ағартушылық мекеменің құрылуының маңыздылығын атап өтті. «Қазір біз өте маңызды іс – жексенбілік мектептің оқу аудиториялары мен православие жастарының кездесулеріне арналған бөлмелер орналасатын болашақ рухани-ағартушылық орталық ғимаратының іргетасын қасиетті етеміз. Бастапқы рухани білім алу балалар мен ересектерге православие құлшылығының мәнін тереңірек түсінуге, оның көктегі сұлулығын сезінуге, Мәсіх шіркеуінің жай ғана мүшесі емес, шынайы мүшесі болуға мүмкіндік береді.

Болашақ орталықтың өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін маңызы ерекше болмақ. Қазіргі әлемде жастар көптеген моральдық сын-қатерлер мен өмірлік бағдарлардың қайшылықтарына тап болып отырған кезде, олардың рухани қалыптасуына, мазмұнды қарым-қатынас жасауына және Құдай дарытқан қабілеттерін ашуына жағдай жасау аса маңызды.

Бұл жерде бозбалалар мен бойжеткендер қажетті біліммен қатар, жақсы достар тауып, бірлескен еңбек пен шіркеу қызметінің тәжірибесін жинақтап, өз әрекеттерін Інжіл өсиеттерімен сәйкестендіруді үйренеді деп үміттенеміз. Өйткені біздің міндетіміз – жастарды ғибадатханаға тартумен ғана шектелмейді. Ең алдымен, жас адамның жүрегінде тірі сенімнің қалыптасуына, оның Шіркеудегі өз орнын түсінуіне және христиандық құндылықтарды бүкіл кейінгі өмірінің берік негізіне айналдыруына көмектесу», – деп атап өтті митрополит Александр.

Белгіленген дұғалар оқылғаннан кейін Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы құрылыс алаңын, дін қызметкерлері мен жиналған қауымды қасиетті сумен бүркіп, батасын берді.

Дін қызметкерлері мен жамағаттың қатысуымен митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі, протодиакон Роман Головин Митрополиттік округ Басшысы қол қойған рухани-мәдени және жастар орталығын құру туралы грамотаны оқып берді. Металл капсулаға салынған құжат болашақ ғимараттың іргетасындағы арнайы орынға қойылды.

Тримифунттық әулие Спиридонның құрметіне арналған рухани-мәдени орталық балалардың, жастардың және ересектердің рухани ағартуы, білім алуы, шығармашылықпен айналысуы және қарым-қатынас жасауы үшін маңызды орынға айналады. Ғимаратта оқу және музыка сыныптары бар жексенбілік мектеп, жастар кездесулеріне және түрлі бастамаларды жүзеге асыруға арналған бөлмелер, акт және спорт залдары, иконалар жазу шеберханасы мен музыкалық дыбыс жазу студиясы орналасады. Жобада сондай-ақ сабақтар, жиналыстар мен рухани-ағартушылық әңгімелер өткізуге арналған аудиториялар, бірлескен дастарқандар ұйымдастыруға арналған бөлмелер қарастырылған.

Орталықтың құрылысы приход өмірін дамытудағы маңызды қадам болмақ. Ол жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беруге, православие дәстүрлерін сақтауға және Қазан соборы қауымдастығын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Оңтүстік астананың ең көне храмының аумағындағы жаңа ғимарат «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының (президенті – В. М. Капсамун) қолдауымен бой көтереді.

Қасиетті ету рәсімінің бейнетүсірілімін Қазақстан Митрополиттік округінің «Семиречье» телестудиясы (директоры – Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері В. Л. Посаднева) жүзеге асырды. Бейнематериал «Семиречье» YouTube арнасында жарияланды. Фототүсірілімді А. Щеглов жүргізді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді