ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
13.11.2026, 12:00

Митрополит Александрдың Астана епархиясының жаңадан тағайындалған викарийі, Малотимофеевск епископы Гедеонмен жұмыс кездесуі өтті

Митрополит Александрдың Астана епархиясының жаңадан тағайындалған викарийі, Малотимофеевск епископы Гедеонмен жұмыс кездесуі өтті

13 қараша 2026 жыл. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің әкімшілік және рухани-мәдени орталығында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Астана епархиясының жаңадан тағайындалған викарийі, Малотимофеевск епископы Гедеонмен кездесуі өтті.

2026 жылғы 22 қазанда Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының шешімімен (№ 72 журналы) мәртебелі Гедеон Выкса епархиясын басқару қызметінен босатылып, Малотимофеевск титулымен Астана епархиясының викарийі болып тағайындалды.

Митрополит Александр билеуші Гедеонды жаңа қызмет орнына тағайындалуымен құттықтап, жоғары архипастырлық қызметінде Құдайдың жәрдемін тіледі.

Жаңадан тағайындалған иерарх Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысына ақжарма тілектері үшін алғыс айтып, алдағы еңбектерінде күш-қуат беретін Құдайдың рақымды көмегін нәсіп етуі үшін дұға етуін өтінді.

Бұдан әрі мәртебелі Гедеон митрополит әміршіге епархияның шіркеу өмірімен танысу барысында алған жақсы әсерлерімен бөлісіп, приходтар жұмысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және дін қызметшілерінің пастырлық міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті.

Кездесу барысында иерархтар Орыс Православие Шіркеуінің Жарғысында белгіленген викарий епископтың міндеттер аясын, сондай-ақ оның Астана және Алматы епархияларының құлшылық және әкімшілік қызметіне қатысу мәселелерін талқылады.

Митрополит Александр епископ Гедеонға Қазақстандағы шіркеу қызметінің ерекшеліктері, епархиялардың мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара ынтымақтастығы, сондай-ақ рухани оқу орындары мен шіркеудің әлеуметтік мекемелерінің қызметі туралы әңгімелеп берді.

Кездесу соңында архипастырлар Христос шіркеуіне қызмет етуде Құдайдың жәрдемі болуын тілеп, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.

Митрополит Александрмен жұмыс кездесуіне дейін епископ Гедеон Алматы епархиясының қасиетті орындары – Вознесенский кафедралды соборын, сондай-ақ Оңтүстік астанадағы Никольск және Покровский шіркеулерін аралады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді