6 желтоқсанда 2024 жылы Астана қаласының Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде семинарияның ұстазы иерей Михаил Березиннің
«Солтүстік Қазақстандағы Православие шіркеуі (1920–30 жж.): тарихи-құжаттық жинақ» ғылыми еңбегінің тұсаукесері өтті.
Зерттеу жұмысы Алматы православиелік теологиялық семинариясының қолдауымен шығарылды.
Іс-шара дінтану кафедрасында ғылыми семинар аясында өтті.
Тұсаукесерге қатысқандар: дінтану кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы Б.Калемшарив, профессор Ю.Шаповал, ұстаздар құрамы, докторанттар, магистранттар және университет студенттері қатысты.
Иерей Михаил жиналғандарға кітаптың құрылымы мен оның ерекшеліктері туралы айтып берді.
Иерей ғылыми еңбеңтің 1920-30 жылдардағы Солтүстік Қазақстандағы Орыс Православие Шіркеуінің тарихының аз зерттелген тақырыптарына арналғанын атап өтті. Мұрағат деректерінің негізінде Солтүстік Қазақстандағы шіркеу өмірінің екі онжылдықта толықтай жойылуының қайғылы процесі көрсетілген.
Кітапты таныстыру кезінде семинария ұстазы жиналғандарға ғылыми еңбектің
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бұрын ғылыми айналымға енгізілмеген немесе танымал емес дереккөздердің корпусына негізделгеніне баса назар аудартты.
Іс-шара соңында кітап авторы жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр