8 қаңтарта 2025 жылы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың батасымен Астана қаласындағы Қазақстан Митрополиті округінің елшілерге тең Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени орталығында балалар мерекелері – митрополиттік Рождестволық шыршалар өтті.
Мерекелік іс-шараларға 700-ден астам бала қатысты.
Митрополиттік шыршаны Қазақстан Митрополиттік округінің істері жөніндегі басшысы Қаскелең епископы Геннадий және елорданың Успен кафедралы соборының кілтшісі протоиерей Дмитрий Байдек алғы және құттықтау сөзімен ашты.
Түрлі байқаулар мен ойындар өткізген кәсіби әртістер рождестволық театрландырылған қойылымын ұсынып, ересектер мен балаларға есте қалатын мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік қойылым соңында әрбір кішкентай қонаққа Қазақстан Православие Шіркеуі Басшысының атынан тәтті сыйлық табысталды.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр