ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
23.02.2026, 09:10

Астанада «Кең Масленица» концерті өтті

Астанада «Кең Масленица» концерті өтті

22 ақпан 2026 жыл. Астана.

Сыропуст аптасында (Кешірім жексенбісі), Адамның Жұмақтан қуылуын еске алу күні, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Успен кафедралды соборының алдындағы алаңда «Кең Масленица» атты концерт өтті.

Мерекелік шара приход белсенділерінің күшімен, Қазақстандағы Ресей Елшілігінің, «Орыс Үйінің» және Астанадағы Ресейлік отандастар кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Концерт көрермендері қатарында этномәдени және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, елорда храмдарының дін қызметкерлері мен прихожандары болды.

Жиналған қауымды Астана шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н. Бородавкин және Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі А.И. Богданов  құттықтады.

Қонақтарға ән-би нөмірлерінен, театрландырылған көріністерден, түрлі байқаулар мен ойындардан тұратын жарқын концерттік бағдарлама ұсынылды. Сахнада «Раздолье» халықтық орыс әні ансамблі, Орыс мәдени орталығы, «ТАН» татар-башқұрт мәдени орталығы, «Радуга» ансамблі, «Lim-po-po» студиясының аниматорлары, «Пчелка» балалар орыс әні ансамблі және «Зарница» орыс және казак әндерінің жастар ансамблі өнер көрсетті.

Мерекелік шараның қорытындысында жиналған қауымға құймақпен шай ұсынылды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді