ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
19.03.2026, 12:00

«Рухани көктем» интернет-каруселінің жеңімпаздары белгілі болды

«Рухани көктем» интернет-каруселінің жеңімпаздары белгілі болды

15 наурызда 2026 жылы  Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Ұлы постқа арналған «Рухани көктем» онлайн-викторинасы өтті.

Іс-шараны Астана епархиясының ағарту бөлімі ұйымдастырды. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан жексенбілік мектептердің ұжымдары, православиелік жастар қозғалыстары мен клубтарының өкілдері қатысты. Жалпы алғанда зияткерлік сайысқа 16 құрама командасы: оның 5-еуі – жастар клубтарынан, 11-і – жексенбілік және жалпы білім беретін мектептерден қатысты.

Қашықтан өткен олимпиада сұрақтарына Қасиетті Қырықкүндік кезеңіндегі құлшылық ерекшеліктері мен православиелік мәдениет негіздеріне қатысты тапсырмалар енгізілді. Сонымен қатар космонавтика, авиация және астрономияға (алдағы Космонавтика күніне байланысты), сондай-ақ орнитологияға – құстарды, олардың морфологиясын, анатомиясын, мінез-құлқын, экологиясын, шығу тегін, географиялық таралуын және жүйеленуін зерттейтін зоология саласына (1 сәуір – Халықаралық құстар күніне байланысты) қатысты сұрақтар қамтылды.

Викторина екі топ бойынша өтті: жексенбілік мектептер және жастар клубтары.

Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша православиелік мәдениет білгірлері арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

«Жексенбілік мектептер» тобы

I орын

«Радость моя» (Серафим Саровский ғибадатханасы, Чапаев ауылы, Алматы облысы, Қазақстан)

«Радонеж» (Барлық әулиелер ғибадатханасы, Петропавл қ., Қазақстан)

«Малый Радонеж» (Бүкіл әулиелер ғибадатханасы, Петропавл қ., Қазақстан)

«Чистые сердцем» (Ташкент қ., Өзбекстан)

«Путеводная звезда» (Петропавл соборы, Петропавл қ., Қазақстан)

«Кристалл» (кнәз Владимирский ғибадатханасы, Ақтөбе қ., Қазақстан)

«Покров» (Елевферий Римский ғибадатханасы, Степногорск қ., Қазақстан)

«Юные ишимцы» (Никольский ғибадатханасы, Новоишимское ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан)

«Благовест» (Благовещенский кафедралды соборы, Павлодар қ., Қазақстан)

II орын

«Пересвет» (құрама команда, Брянск қ., Ресей)

«Маранафа» (Ертіс ауылы, Павлодар облысы, Қазақстан)

«Жастар клубтары» тобы

I орын

«Восток-Экспресс» (Владимирский ғибадатханасы, Шымалған, Алматы облысы, Қазақстан)

«Путеводная звезда» (Петропавл соборы, Петропавл қ., Қазақстан)

«Пингвины» (Мәсіхтің Рождествосы ғибадатханасц, Кобрин қ., Беларусь)

«Агапэ» (Михаило-Архангел ғибадатханасы, Павлодар қ., Қазақстан)

II орын

«Византия» (Құтқарушы Мәсіх ғибадатханасы, Алматы қ., Қазақстан)

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді