ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
15.05.2026, 16:00

Оңтүстік астанада белгілі шіркеу регенті В.А. Волкованың шеберлік сабағы өтті

Оңтүстік астанада белгілі шіркеу регенті В.А. Волкованың шеберлік сабағы өтті

15 мамыр 2026 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің София соборында Оңтүстік астананың балалар шіркеу хорларына арналған шеберлік сабағы өтті.

Іс-шара «Пасхалық ән» атты халықаралық фестивалі аясында ұйымдастырылды.

Сабақты Мәскеудегі Солнцево ауданындағы Радонеждік Сергий храмының «Артос» хорының регенті, Орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархтық Шіркеу-қоғамдық кеңестің жауапты хатшысы матушка Варвара Волкова жүргізді. Ол Алматыға музыкалық форумға қатысу үшін арнайы келген.

Шығармашылық кездесуге қатысқандар: Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборы жанындағы «Цевница» шіркеулік ән мектебінің жетекшісі Н.О. Головина, Иоанн Богослов храмының балалар хорының жетекшісі О. Картаузова және Оңтүстік астананың балалар шіркеу хор ұжымдары.

Сабақ барысында белгілі шіркеу регенті балалармен бірге танымал литургиялық шығармалардың орындалу мәнері, шығу тарихы мен рухани мағынасын талдап өтті. Әсіресе, шіркеуславян тіліндегі әндерді орындау мен артикуляция ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлінді.

Шеберлік сабағы аяқталғаннан кейін матушка Варвара қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара соңында мәртебелі қонақ Қазақстан Митрополиттік округінің балалар хорына өзінің «Архиерейлік Литургия — Балалар хорының репертуары» атты жинағын естелік жазуымен сыйға тартты.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді