22 мамыр 2026 жыл. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Мемлекеттік академиялық корей театрында Орталық жексенбілік мектептің құрылғанына 35 жыл толуына арналған концерт өтті.
Мерейтойлық концертті Орталық жексенбілік мектептің педагогтары мен тәрбиеленушілері дайындады.
Іс-шараға қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округі істері басшысы, Қаскелең епископы Геннадий, Митрополиттік округ басшысының хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек), Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов; Есік қаласындағы Спасо-Силуан монастырінің басшысы игумен Назарий (Марков), Рязань епархиясының Ана мен баланы қорғау орталығының жетекшісі протоиерей Виталий Рыбаков, Алматыдағы Владимир храмының клиригі иерей Роман Кравченко, Митрополиттік округтің мәдениет бөлімінің жетекшісі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Л.Е. Горичева; шіркеу-приход мектептерінің педагогтары мен оқушылары, сондай-ақ Оңтүстік астана храмдарының прихожандары.
Мерекеге Орталық жексенбілік мектептің әр жылдардағы түлектері шақырылды, қатарында дін қызметкерлері, монашестводағылар, шіркеу қызметкерлері, педагогтар, білім беру және мәдениет саласының өкілдері болды.
Концерттік бағдарлама барысында Никольский соборының О. Берекешева жетекшілік ететін хоры мен Алматы епархиясының диакон Александр Пивень жетекшілік ететін ерлер хоры өнер көрсетті.
Орталық жексенбілік мектептің тәрбиеленушілері «Соғыс Пасхада аяқталды», «Рио-Рита биі» вокалдық-хореографиялық қойылымдарын, Антонио Вивальдидің музыкасына және А.С. Пушкиннің өлеңдеріне негізделген «Жыл мезгілдері» композициясын, орыс халық билерін, Н. Гумилевтің өлеңіне жазылған «Сенің храмың, Ием, көкте…» әнін, мәңгі есте қалатын митрополит Иосифтің (Чернов) өлеңіне жазылған «Ландыштар» әнін, сондай-ақ мерейтойлық даталарға арналған музыкалық композицияларды ұсынды.
Іс-шара соңында Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулдығының атташесі С.О. Власова Ресейдің Алматыдағы Бас консулы Д.А. Тураевтың құттықтау хатын оқып берді.
Одан кейін Қазақстан Митрополиттік округі істері басшысы, Қаскелең епископы Геннадий өнер көрсетушілерге еңбектері үшін алғысын айтып, қатысушыларды мерекемен құттықтады.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Орталық жексенбілік мектептің қызметкерлері шіркеу наградаларымен марапатталды. Олардың қатарында хореограф М.В. Привалова, педагогтар диакон Владимир Алферов, В.Н. Попов, Л.З. Александрович, О.Н. Мирошникова және басқалар бар.
Қазақстан Православие шіркеуінің игілігі жолындағы еңбектері мен айтулы датаға орай мектеп директоры Г.В. Черепанова Семиречьк ағартушысы, Түркістан және Ташкент архиепископы әулие Софонийдің (Сокольский) орденімен марапатталды.
Концерт аяқталғаннан кейін Орталық жексенбілік мектеп ғимаратында мерекелік шай дастарханы ұйымдастырылды.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр