ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
02.07.2026, 13:00

Орталық жексенбілік мектепте Қарағандылық қасиетті Севастиан дүниеден өткенінің 60 жылдығына арналған ашық сабақ өтті

Орталық жексенбілік мектепте Қарағандылық қасиетті Севастиан дүниеден өткенінің 60 жылдығына арналған ашық сабақ өтті

28 маусым 2026 жыл. Алматы. Әулие Николай соборы жанындағы Шіркеулік жиналыстар залында Қарағандылық қасиетті Севастианныңдүние салғанына 60 жыл толуына арналған ашық сабақ өтті.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен іс-шараны Оңтүстік астананың Орталық жексенбілік мектебінің педагогтері мен тәрбиеленушілері (директоры – Г.В. Черепанова) ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шараның құрметті қонақтары болғандар: Қазақстан Православие шіркесі Істер басшысы, Қаскелең епископы Геннадий, Алматыдағы Христорождественский соборының кілтшісі протоиерей Александр Гайченя, Алматыдағы Владимирский храмының дін қызметкері иерей Роман Кравченко, Митрополиттік округтің мәдениет бөлімінің жетекшісі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Л.Е. Горичева, сондай-ақ шіркеу-приход мектептерінің ұстаздары мен оқушылары және Оңтүстік астана храмдарының прихожандары.

Ашық сабақ барысында Қарағандылық қасиетті Севастианның өмірі мен рухани еңбектері туралы қысқаша баяндамалар жасалды. Орталық жексенбілік мектептің тәрбиеленушілері өлең оқып, рухани әндер орындады.

Көрермендерге ақсақалдың рухани перзенттері — схиигумен Евфимий (Тимаков), монах әйел Херувима (Уварова) және игумения Севастиана (Жукова) қатысқан сұхбаттардың бейнежазбалары ұсынылды.

Іс-шара соңында епископ Геннадий ашық сабаққа қатысушылар мен ұйымдастырушыларға атқарылған ауқымды әрі сапалы еңбегі үшін алғыс сөзін айтты.

Өз кезегінде Орталық жексенбілік мектептің директоры Г.В. Черепанова Архипастырға, педагогтерге және ата-аналарға ризашылығын білдірді.

Сабақ соңында қатысушылар естелікке ортақ суретке түсті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді