ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
04.07.2026, 14:00

Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында «Соборная молитва» жобасының түлектеріне куәліктер табысталды

Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында «Соборная молитва» жобасының түлектеріне куәліктер табысталды

27 маусым 2026 жыл. Алматы. Вознесенский кафедралды соборында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен жүзеге асырылып жатқан «Соборная молитва» білім беру жобасының түлектеріне куәліктер табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты рәсім басталар алдында жоба жетекшісі, Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі протоиерей Александр Суворов алғыс айту дұғасын жасады. Құлшылық аяқталғаннан кейін ол түлектерге оқу бағдарламасын сәтті аяқтағаны туралы куәліктерді табыстады.

2025 жылғы қазан айынан бері жүзеге асырылған білім беру бағдарламасы шіркеу оқырмандары мен православие экскурсия жетекшілерін даярлауға бағытталды.

Оқу барысында тыңдаушылар шіркеулік славян тілін, православиелік катехизистің негіздерін, иконографияға кіріспені, құлшылық кітаптарын, экскурсия жүргізу ісінің негіздерін меңгеріп, сондай-ақ құлшылық мәтіндерін оқу бойынша тәжірибелік дайындықтан өтті.

Оқу қорытындысы бойынша түлектер жазбаша тестілеуден, оқытылған пәндер бойынша ауызша емтихандардан және тәжірибелік тапсырмалардан тұратын қорытынды аттестаттаудан өтті.

Іс-шара соңында протоиерей Александр Суворов түлектерге оқу барысында танытқан ынта-жігерлері үшін алғысын білдіріп, алған білімдері мен дағдыларын шіркеу қызметінде табысты қолдануға Құдайдың жәрдемін тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді