ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
10.07.2026, 15:00

Петропавл епархиясында «Радонеж – 2026» балалар лагері өз жұмысын аяқтады

Петропавл епархиясында «Радонеж – 2026» балалар лагері өз жұмысын аяқтады

2026 жылғы 30 маусым мен 5 шілде аралығында Петропавл және Булаев архиепископы Владимирдың батасымен «Радонеж – 2026» көпкүндік туристік лагерь-жорығы өтті.

Лагерь жұмысына жетекшілік еткендер: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.В. Фадеева, директордың көмекшісі Б.Р. Фахрутдинов және диакон Владимир Бартоль.

Іс-шараға Петропавл қаласындағы Радонеждік преподобный Сергийдің құрметіне арналған епархиялық мектептің 50 тәрбиеленушісі қатысты.

Алты күн бойы балалар шатырлы лагерьде тұрды. Лагерь аумағында дала асханасы мен тамақтану орны ұйымдастырылды.

Лагерь бағдарламасына күн сайынғы таңертеңгі дұға ережесі, дене жаттығулары, спорттық жаттығулар және шығармашылық сабақтар енгізілді.

Лагерь барысында балалар жорықтағы өмірге қажетті тәжірибелік дағдыларды меңгерді: шатыр тігуді, от жағуды, дала жағдайында тамақ дайындауды және жергілікті жерде бағдарлауды үйренді.

Қатысушылар үшін футбол, волейбол және пионербол жарыстары, логикалық және үстел ойындары, сондай-ақ «Зарница» әскери-патриоттық ойыны ұйымдастырылды.

Бағдарлама аясында лагерьге тарихи реконструкция клубының өкілдері келіп, балаларды ортағасырлық кезеңдегі қару-жарақ пен әскери жабдықтардың үлгілерімен таныстырды. Сондай-ақ олар садақ атудан және семсерлесу өнерінің негіздерінен шеберлік сабақтарын өткізді.

Ұйымдастырушылардың зор еңбегінің арқасында балалар демалысының әр күні қызықты оқиғаларға толы болып, барлық балалардың жадында көптеген жағымды әсерлер қалды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді