2026 жылғы 21 шілде. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астана епархиясының ағартушылық қызмет жөніндегі комиссиясы (жетекшісі – протоиерей Сергий Казимиров) «Православие интернет-каруселі» халықаралық жастар викторинасының жаңа маусымына арналған іс-шараларды дайындауды бастады.
Жоба сайтында Қазақстан Митрополиттік округі приходтарының жексенбілік мектептері командалары, сондай-ақ Қазақстандағы «Альфа және Омега» православиелік жастар қозғалысының мүшелері мен ТМД және Еуропалық Одақ елдеріндегі өз құрдастары арасында өтетін алдағы зияткерлік жарыстардың кестесі жарияланды.
Интернет-карусель – онлайн форматта өткізілетін түрлі пәндер бойынша командалық зияткерлік сайыс. Интернет арқылы қатысушыларға белгілі бір тапсырмалар ұсынылады. Оларға іс-әрекеттердің белгіленген ретін қатаң сақтай отырып, дұрыс жауап беру қажет. Сайыстың ұзақтығы 70 минутпен шектеледі.
Оқу жылы барысында православиелік жастар жеті викторинаға қатысады. Оның алғашқысы – «Ізгі хабар үстінде» атты викторинасы 27 қыркүйекте өтеді.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр