ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
29.08.2026, 02:00

Алматыда Қазақстан Православие Шіркеуінің монахтық қауымына арналған білім беру конференциясы өтті

Алматыда Қазақстан Православие Шіркеуінің монахтық қауымына  арналған  білім беру конференциясы өтті

26 тамыз 2026 жыл. Алматы. Қазақстан Митрополиттік округінің митрополит Иосиф (Чернов) атындағы рухани-мәдени орталығының тақ залында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Қазақстан Православие Шіркеуінің монахтық қауымына  арналған білім беру конференциясы өтті.

Ғылыми форумның тақырыбы: «Қазіргі заман жағдайында монахтық анттарды іс жүзінде орындау».

Конференция жұмысына Астана және Қазақстан митрополиті Александр төрағалық етті.

Форумға қатысқандар: Астана епархиясының викарийлері – Талдықорған епископы Клавдиан мен Талғар епископы Вениамин; Астана шіркеулік округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев); Алматы епархиясының рухани тәлімгері архимандрит Иоанн (Сазонов); Астанадағы Құдай Анасының «Қаза тапқандаоды іздестіру» иконасы құрметіне арналған әйелдер монастырының рухани тәлімгері иеромонах Модест (Дроздов); дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі Патриархтық комиссияның мүшесі игумен Филипп (Моисеев); Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа); Қазақстан Митрополиттік округінің монахтары.

Конференцияны аша отырып, митрополит Александр жиналған қауымға құттықтау сөзін арнады. Ол ғылыми жиынның өзегіне айналған тақырыптың өзектілігін атап өтіп, қатысушыларға жемісті әрі табысты жұмыс тіледі.

Митрополиттік округ Басшысының сөзінен кейін жиынға қатысушылардың назарына келесі баяндамалар ұсынылды:

«Кез келген дәуірде монахтық анттардың мәнінің өзгермейтіндігі» – Талдықорған епископы Клавдиан;

«Мойынсұну анты – монахтық жолдың негізі» – Талғар епископы Вениамин;

«Заманауи технологиялар мен гаджеттердің монахтардың ішкі жан дүниесіне әсері» – Серафим-Феогност ерлер монастырының басқарушысы игумен Трифон (Печковский);

«Монахтық анттарды орындау барысында қазіргі заман әлемінің негізгі азғырулары» – дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі Патриархтық комиссияның мүшесі игумен Филипп (Моисеев);

«Монахтардың өмірінде анттарды іс жүзінде орындау жолдары» – Алматы облысының Іргелі кентіндегі Алматылық қасиетті діндар Николай храмының басқарушысы иеромонах Филофей (Бобов);

«Монастырьлардың ішкі өмірінің өзекті мәселелері» – Қарағанды қаласындағы Құдай Анасы Рождествосы әйелдер монастырының басқарушысы игумения Олимпиада (Салопеко).

Конференция жұмысы аяқталғаннан кейін оның қатысушылары ұсынылған баяндамаларды талқылап, одан соң кең ауқымды мәселелер бойынша пікірталас өткізді.

Отырыс соңында қорытынды құжат қабылданды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді