ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
31.08.2026, 17:00

Астанада «Жақыныңа қызмет ету» атты шіркеулік әлеуметтік және қайырымдылық қызметке арналған I Жалпықазақстандық съезд өз жұмысын аяқтады

Астанада «Жақыныңа қызмет ету» атты шіркеулік әлеуметтік және қайырымдылық қызметке арналған I Жалпықазақстандық съезд өз жұмысын аяқтады

Астанада «Жақыныңа қызмет ету» атты шіркеудің әлеуметтік және қайырымдылық қызметіне арналған I Жалпықазақстандық съезд өз жұмысын аяқтады.

29 тамыз 2026 жыл. Астана. Теңапостолды Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени орталықта шіркеудің әлеуметтік және қайырымдылық қызметіне арналған «Жақыныңа қызмет ету» атты I Жалпықазақстандық съезд өз жұмысын аяқтады.

Съезд жұмысына қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округі епархияларының әлеуметтік бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, Алматы және Көкшетау епархияларынан келген мейірімділік әпкелері, сондай-ақ Астана қаласындағы шіркеулердің дін қызметкерлері мен діндар қауымы.

Форум жұмысының алдында сол күні престолдық мерекесін атап өткен Успен кафедралды соборында мерекелік Құдайлық Литургиясы өткізілді. Құдайға құлшылық ету рәсімін Астана және Қазақстан митрополиті Александр басқарды.

Бұдан кейін Жоғары мәртебелі митрополиттің съезд қатысушыларымен кездесуі өтті. Кездесу барысында иерарх Қазақстан Митрополиттік округінің шіркеулік-әлеуметтік және қайырымдылық қызметі туралы баяндама жасады. Пленарлық отырыс аяқталғаннан кейін жұмыс секциялар бойынша жалғасты.

Форумның екінші күні шіркеудің әлеуметтік қызметін ұйымдастырудың практикалық мәселелеріне және Қазақстан Митрополиттіа округі епархиялары өкілдерінің өзара тәжірибе алмасуына арналды.

Қатысушылар ана мен баланы қорғау, жүкті әйелдерге қолдау көрсету, еріктілер қызметін дамыту, мұқтаж жандарға көмек көрсету, приходтардағы әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ Шіркеудің ағартушылық және әлеуметтік қызметінде заманауи ақпараттық ресурстарды пайдалану мәселелерін талқылады.

 

Қазақстан Митрополиттік округінің епархиялары мен приходтарында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың тәжірибесіне айрықша назар аударылды. Әлеуметтік бөлімдердің, мейірімділік әпкелерінің қауымдастықтары мен еріктілер бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ «Сен әлемге керексің» жобасына қатысушылар баяндама жасады.

Съезд аясында «Сен әлемге керексің» жобасының таныстырылымы өтті. Сонымен қатар «Анаға арналған үй» дағдарыс орталығының жұмыс тәжірибесі және Шіркеудің әлеуметтік қызметінің басқа да бағыттары таныстырылды.

Съезд жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстандағы шіркеудің әлеуметтік және қайырымдылық қызметін одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындаған қарар қабылдады.

Форум соңында оның жұмысының қорытындысы шығарылды. Қатысушылар съезді ұйымдастырып, өткізген Митрополиттік округтің қайырымдылық және әлеуметтік қызмет жөніндегі комиссиясына және «Eleos-Meirim» қоғамдық қорына (президенті – В.М. Капсамун) алғыстарын білдірді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді