1 қыркүйек 2026 жыл. Петропавл қаласы. Ең Қасиетті Құдай Анасының Донск иконасы мерекесінде Театр алаңындағы Қарасай және Ағынтай батырлар мемориалының жанында Петропавл епархиясының білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.
Салтанатты шараға Петропавл және Булаев архиепископы Владимир төрағалық етті.
Іс-шараға қатысқандар: Әулие Сергий Радонежский атындағы православ гимназиясы мен Гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары, қызметкерлері және білім алушылары, сондай-ақ дін қызметкерлері мен епархиялық басқарманың қызметкерлері.
Салтанатты шараның басында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылып, мемлекеттік әнұран орындалды. Одан кейін мерекеге қатысушылар Мәңгілік алауға және Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Православ гимназиясы мен Гуманитарлық-техникалық колледждің директоры болып табылатын Владимир архиепископы жиналғандарға құттықтаутап, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Сондай-ақ балаларға сабақты адал оқып, еңбектенуге және өз қабілеттерін дамытуға тілектестік білдірді.
Бұдан кейін жиналғандардың назарына мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.
Салтанатты жиын соңында дәстүрлі алғашқы қоңырау соғылды.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр