ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Рухани ағарту
07.09.2026, 10:00

«Невский» клубының тәрбиеленушілері еркін күрестен Республикалық турнирде алты медаль жеңіп алды

«Невский» клубының тәрбиеленушілері еркін күрестен Республикалық турнирде алты медаль жеңіп алды

5 қыркүйек 2026 жыл. Алматы қаласы. Аралас жекпе-жек академиясы «Jaks MMA» базасында ересектер мен жасөспірімдер арасында еркін күрестен республикалық турнир өтті.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен жарысқа Оңтүстік астанадағы Никольский соборы жанындағы қасиетті кнәз Александр Невский атындағы спорт клубының тәрбиеленушілері қатысты. Клубтың жетекшісі әрі жаттықтырушысы — диакон Александр Воронин.

Турнирге Алматы қаласы мен Алматы облысынан келген спортшылар бірнеше салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша «Невский» клубының жас спортшылары жүлделі орындарға ие болды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді