13 шілде 2025 жыл. Чех Республикасының парламентариясы мен дипломаттарынан құралған делегация Өскемен қаласының Андреевский кафедралды соборы мен Өскемен және Семей епархиясының рухани-әкімшілік орталығына ресми сапармен келді.
Шетелдік делегацияның құрамыны кіргендер: Чехия Республикасы Парламенті Депутаттар Палатасының вице-спикері Й.Бартошек, Чехия Республикасының қорғаныс атташесі полковник Т. Ржиман, Чех Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі М. Жоур, Чех Республикасы шорғаныс министрлігінің қызметкерлері, Куглер, П. Филипек, Р. Храст, Чехия ПДР халықаралық байланыстар бөлімінің қызметкері Ю.Липецка және аудармашы С.Голишова.
Делегацияны Өскемен қаласы әкімінің орынбасары И.Ф.Смит және Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының стратегиялық даму басқармасының басшысы Р.Қ.Нұрмұханов алып жүрді.
Рудный Алтай астанасының бас ғибадатханасының аумағында мәртебелі қонақтарды Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий қарсы алды. Сапар барысында қонақтар Андреевский кафедралды соборының архитектурасымен танысып, өңірдің рухани-мәдени мұрасының маңызды ескерткіштерінің бірі – Троицкий бекініс соборын тамашалады.
XVIII ғасырда салынған бұл бірегей ғибадатхана Қазақстан аумағындағы орыс шіркеу сәулет өнерінің көрнекті үлгісі болып табылады және сәулет ескерткіші мәртебесіне ие.
Сондай-ақ қонақтар епархия басқармасы жанындағы шіркеу-археологиялық кеңседе болып, онда Шығыс Қазақстандағы Православие Шіркеуінің тарихымен, өңірдің рухани өмірімен, қасиетті орындармен және мұрағат материалдарымен таныса алды.
Сапар соңында Чех Республикасы Парламенті депутаттар Палатасының вице-спикері Я.Бартошек делегация мүшелері атынан билеуші Амфилохийге экскурсия мен жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Чехия халықтары мен конфессиялары арасындағы достық байланыстардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр