13 қазан 2025 жыл. Қостанай. Облыстық әкімдікте Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Қостанай облысының әкімі Құмар Ырғыбайұлы Ақсақаловпен кездесуі өтті.
Кездесуге қатысқандар: Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа); зайырлы билік тарапынан – Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Б.С. Бөкеев.
Құмар Ырғыбайұлы архипастырды жылы қарсы алып, өңірдің рухани өміріне атсалысып жүргені үшін алғысын білдірді. Атқарушы билік басшысы соңғы жылдары өңірдегі шіркеу қызметінің жан-жақты дамығанын және сындарлы мемлекеттік-конфессиялық диалогты атап өте отырып, билеуші митрополитті Қостанай епархиясының құрылғанына 15 жыл толуымен құттықтады. Әкім өңірдегі жағдаймен таныстырып, Торғай өңірінің әлеуетін ашуға бағытталған жобаны көрсетті. Ол өзінің тиімді географиялық орналасуы аймақты Еуропа мен Азия арасындағы негізгі транзиттік байланысқа айналдыратынын атап өтті. К.И. Ақсақаловтың сөзінше, «Орталық-Батыс» тас жолын салу және Арқалық қаласындағы әуежайды қалпына келтіру сияқты инфрақұрылымдық бастамаларды жүзеге асыру инвестиция мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Митрополит Александр облыс басшысына Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің Астанаға сапары маңызды оқиғасы болғанҚазақстан митрополиттік округіндегі өмір туралы әңгімеледі.
Архипастор сұхбаттасушыға әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіндегі жұмысымен қатар Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысы жаңадан салынған әулие Сергий шіркеуін қасиетті етіп, Қазақстан жерінде жарқыраған Бүкіл әулиелердің құрметіне рухани-ағарту орталығын құруды жалғастыруға батасын бергенін; Успен кафедралды соборында көптеген сенушілердің алдында ол Мәсіх шіркеуінің жаңа азап шегушілері мен мойындаушыларына дұға еткеін хабарлады.
Екіжақты пікірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Қасиетті Патриарх Кириллдің кездесуі маңызды қоғамдық оқиға болды, кездесу барысында мемлекет басшысы оған халықтар арасындағы рухани байланысты нығайтуға қосқан үлесі және ерекше құрмет белгісі ретінде еліміздің ең жоғары наградасы «Алтын Қыран» («Золотой орел») орденін табыс етті. Билеуші митрополит Қасиетті Патриарх Кириллдің осы орденмен марапатталған алғашқы діни жетекші болғанын атап өтті.
Сұхбаттасушылар әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін – ел астанасында жүйелі түрде өткізілетін ауқымды халықаралық форумды одан әрі дамытуға бастамашы болған Президент Қ.-Ж.К. Тоқаевтың бітімгершілік еңбегін жоғары бағалады.
Әкім билеуші митрополиткн Президент Қ.-Ж.К. Тоқаевтың биыл Қостанай облысына жұмыс сапарымен баруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Мемлекет басшысының Жолдауында Торғай өңірі ерекше аталып, оған басымдық беру қажеттігін баса айтты.
Архипастор К.И. Ақсақалов тарихи епархиялық қасиетті - Октябрьское ауылындағы Құдай Анасының Иверский иконасы мен бас апостолдар Петр мен Павелдің құрметіне монастырді қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы.
Владимировка ауылындағы ғажайып жасаушы Николай атына салынып жатқан шіркеуге баруы және Асенкритовка ауылындағы Покровский шіркеуінің қасиетті рәсімін өткізгені туралы айтып берді.
Әңгімелесу барысында Республикада қазіргі заманның сын-қатерлеріне қарамастан этносаралық келісімнің іргелі қағидаттары сақталып отырғаны - мәдениет дамып, ортақ үйде – Қазақстанда бір үлкен отбасы болып өмір сүріп жатқан халықтар мен ұлыстардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауға, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға күш салынып жатқаны атап өтілді.
Достық жағдайда өткен кездесу соңында митрополит Александр мен Құмар Ырғыбайұлы бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.
Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысының Қостанай облысының әкімі Қ.И. Ақсақаловпен кездесуі өтті
ТолығырақАстана мен Қазақстан митрополиті Александрдың Қостанай епархиясына архипастырлық сапары аяқталды
ТолығырақШамалған стансасының Владимирский приходында «Ежелгі дүние тарихы» атты балалар викторинасы өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр