ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
30.10.2025, 14:00

Санкт-Петербург қаласының мэрі делегациясы Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында болды

Санкт-Петербург қаласының мэрі делегациясы Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында болды

28 қазан 2025 жыл. Алматы. 

Вознесенский кафедралды соборында Санкт-Петербург губернаторы әкімшілігі басшысының орынбасары, мемлекеттік қызмет және кадр саясаты комитетінің төрағасы Андрей Сергеевич Михайлов бастаған Санкт-Петербург мэрі делегациясы келді.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен парламентарийлерді собордың кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов қарсы алды.

Діни қызметкер қонақтарға Семиречья тарихи-мәдени жауһарына айналған Вознесенский соборының салыну тарихы, қайталанбас сәулеті, Оңтүстік астананың бас шіркеуінің қазіргі тыныс-тіршілігі туралы айтып берді.

Экскурсия жүргізу барысында кілтші әке 2017-2020 жж. соборда жүргізілген ауқымды кәсіби қалпына келтіру жұмыстарына толықтай тоқталды. Барлық жұмыстар Қазақстан, Ресей, Сербия, Италия, Германия, Франция елдерінен жоғары деңгейдегі кәсіби мамандар тартылып, Республиканың мәдениет министрлігі мен ЮНЕСКО-ның қадағалауымен жүргізілгені атап көрсетілді.

Протоиерей Александр Қазақстан Президенті Қ.-Ж.К.Тоқаев 2019 жылы соборға келгенінде қалпына келтіру жұмыстарының нәтижелерімен танысып, жүргізілген бірегей жұмыстарды жоғары бағалап, аяқталған жобаны «Қазақстанның ұлттық киелі орнының екінші рет дүниеге келуі» деп атағанын атап өтті.

Делегация өкілдері Құдай Ананың Феодоровская белгішесінің алдында шырақ жағып, жылы қабылдаув үшін алғыстарын білдірді.

Қонақтар рухани және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты жоғары бағалап, собордың Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен мәдени өзара іс-қимылдың символы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы рухани-мәдени ықпалдастық пен бауырластық байланысты нығайтудың келешегі туралы пікір алмасты.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді