21 желтоқсан 2025 жыл. Астана.
Қазақстан Митрополитік округінің апостолдарға тең Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени және әкімшілік орталығының камин залында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының директоры А.Ю. Волковпен кездесуі өтті.
Кездесуге қатысқандар: елорда приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Успен кафедралды соборының кілтшісі иеромонах Димитрий (Байдек), митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), сондай-ақ Митрополитік округтің қайырымды жандары.
Алексей Юрьевич митрополит Александрға 2005 жылғы 31 мамырда Президент Жарлығымен құрылған Мемлекеттік басқару академиясының тарихы мен қазіргі тыныс-тіршілігі туралы әңгімеледі. Архипастырьге бұл ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырумен айналысатыны жеткізілді.
«Құрылған сәтінен бастап Академия егемен Қазақстанның мемлекеттік аппаратын кәсіби қалыптастыруға, мемлекеттік басқару жүйесін құру мен дамытуға елеулі үлес қосты», – деп атап өтті А.Ю. Волков.
Митрополитік округтің Басшысы Қазақстандағы Православие Шіркеуінің негізгі кадрлар ұстаханасы саналатын, Республика заңнамасына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиясы бар Алматы рухани семинариясының өмірі туралы мәліметтермен бөлісті. Билеуші қонақтарға өткелі жатқан жылы рухани оқу орнының құрылғанына 15 жыл толуын атап өтіп жатқанын және осы маңызды мерейтой аясында ұйымдастырылған іс-шаралар туралы хабарлады.
Сұхбаттасушылар Астанада Бүкіл қазақстандық әулиелер құрметіне арналған шіркеуімен бірге салынатын Қазақстан Митрополитік округінің рухани-мәдени және ағартушылық орталығының құрылысы жайын талқылады.
Кездесу соңында митрополит Александр А.Ю. Волков пен қайырымды жандарға шіркеулік наградаларды табыстады.
Қазақстан Митрополитік округінің қайырымды жандары Қазақстан Православие Шіркеуінің наградаларымен марапатталды
ТолығырақЖексенбі күні митрополит Александр Астана қаласындағы Успен кафедралды соборында Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Митрополит Александр Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдерін шіркеулік наградалармен марапаттады
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр