ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
07.01.2026, 12:00

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаев қазақстандықтарды Христос Рождествосы мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаев қазақстандықтарды Христос Рождествосы мерекесімен құттықтады

7 қаңтар 2026 жыл. Астана.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы М.С. Әшімбаев Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы — Астана және Қазақстан митрополиті Александрды және еліміздің православие сенушілерін Христос Рождествосы мерекесімен құттықтады.

Құттықтау жеделхатында, атап айтқанда, былай делінген:

Аса құрметті Жоғары Мәртебелі!

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының атынан және өз атымнан Сізді ұлы әрі нұрлы мереке — Христос Рождествосымен шын жүректен құттықтаймын! Осы рождестволық күндерде әрбір сенуші дұға арқылы рухани тірек тауып, жақындарының қолдауын сезінсін, әрбір үйде өзара құрмет пен түсіністік орнасын, ал жүректерде сенім, үміт пен сүйіспеншілік салтанат құрсын.

Осы орайды пайдалана отырып, VIII Съездің жұмысына қатысқаныңыз және Қазақстан Республикасының жаһандық өркениетаралық әрі дінаралық диалогты ілгерілетуге бағытталған бастамаларын қолдағаныңыз үшін Сізге тағы да ризашылығымды білдіремін.

Жаңа 2026 жыл мен Христос Рождествосы Сізге және Қазақстанның барлық православие христиандарына мықты денсаулық, бақыт пен береке әкелсін.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді