20 ақпан 2026 жыл. Астана.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының резиденциясында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бірінші вице-министрі Қанат Жұмабайұлы Ысқақовпен кездесуі өтті.
Кездесуге қатысқандар: елорданың приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) және митрополиттің көмекшісі И.Е. Яценко.
Митрополиттік округтің Басшысы Қанат Жұмабайұлын бірінші вице-министр лауазымына тағайындалуымен жылы құттықтап, көпұлтты әрі көпконфессиялы Қазақстан халқының игілігі жолындағы еңбегіне табыс пен қажыр-қайрат тіледі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 15 наурызына жоспарланған жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум мәселесі талқыланды.
Әңгімелесу барысында өзара қызығушылық тудыратын бірқатар өзекті мәселелер қарастырылды.
Қ.Ж. Ысқақов министрлік елдегі дәстүрлі конфессиялармен, соның ішінде Православие Шіркеуімен серіктестік қатынастарды одан әрі дамытып келе жатқанын атап өтті. Өз кезегінде митрополит мемлекет пен конфессиялар арасындағы сындарлы диалогты нығайту Қазақстанда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауға, сондай-ақ бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге ықпал ететінін айтты.
Сұхбат барысында әлеуметтік желілер мен блогтар кеңістігінде конфессияаралық және ұлтаралық алауыздықты қоздыратын жалған ақпарат пен арандатушылық сипаттағы мәлімдемелерге қарсы іс-қимыл жүргізудің маңыздылығы да сөз болды.
Достық әрі іскерлік жағдайда өткен кездесудің соңында архипастыр мен бірінші вице-министр бір-біріне денсаулық пен еңбектеріне табыс тіледі.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр