ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
17.04.2026, 22:00

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Ресейдің Қазақстандағы елшісі А.Н. Бородавкинмен кездесті

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Ресейдің Қазақстандағы елшісі А.Н. Бородавкинмен кездесті

17 сәуір 2026 жыл. Астана. Қазақстанның Митрополиттік округі Басшысының жұмыс резиденциясында Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Николаевич Бородавкинмен кездесуі өтті.

Кездесуге елорда приходтарының благочинныйы архимандрит Сергий (Карамышев) қатысты.

Митрополит Александр мен Алексей Николаевич бір-бірін Пасха мерекесімен және Христостың Жарқын Қайта тірілуі мейрамымен құттықтап, пасхалық ізгі тілектерімен алмасты.

Архипастырь елшіге Митрополиттік округтің өмірі, сондай-ақ Астана және Алматы епархияларында басты православ мерекесін атап өту аясында ұйымдастырылған мәдени және рухани-ағартушылық іс-шаралар туралы айтып берді.

Әңгіме тақырыптарының бірі – Оңтүстік астанада сенім мен тақуалықты мойындаушы, Алматы және Қазақстан митрополиті Иосифке (Чернов) арналған музей-үйінің ашылуы болды. Мемориалдық үйге келушілер сенім жолындағы мойындаушының құлшылық киімдерін және жеке заттарын, шіркеу бұйымдарын мен көне кітаптарды, күнделік жазбалары мен архипастырь өз қолымен жазған акафистерді, сирек фотосуреттер мен құжаттарды көре алады.

Митрополит қонаққа Қарағандыда Қазақстанның көктегі қамқоршысы әрі Оптинаның соңғы ақсақалы болған қасиетті діндар Қарағандылық Севастианның дүние салғанына 60 жыл толуына арналған мерекелік іс-шаралар өтетіні туралы хабарлады.

Иерарх сондай-ақ Алматыда Беларусь Республикасының Бас консулдығының ашылуына қатысқаны және осы елдің сыртқы істер министрі М.В. Рыженковпен кездескені жөніндегі әсерімен бөлісті.

Алексей Николаевич митрополит Александрға Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы М.В. Мишустиннің Қазақстанға жасаған сапары туралы айтып берді. Сапар барысында ол Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевпен кездесті.

Әңгімелесу барысында өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында Митрополиттік округтің Басшысы мен Ресей елшісі тағы да пасхалық ізгі тілектермен алмасты.

Кездесу достық жағдайда өтті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді