ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
06.07.2026, 14:00

Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбектің Сергий храмындағы құлшылық өмірінің басталуына орай құттықтауы

Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбектің Сергий храмындағы құлшылық өмірінің басталуына орай құттықтауы

6 шілде 2026 жылы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Астана қаласындағы Радонеждік қасиетті Сергий атындағы храмда алғашқы Құдайлық Литургияны өткізді.

Осы айтулы оқиғаға орай Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбек Қазақстан астанасының православие сенушілерін құттықтады. Құттықтау хатында, атап айтқанда, былай делінген:

Құрметті митрополит Александр, дін қызметкерлері және елордамыздың православие қауымының өкілдері!

Радонеждік қасиетті Сергий атындағы храмның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл айтулы оқиға елордамыздың рухани өмірі үшін айрықша маңызға ие. Жаңа храм рухани бірліктің, дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды сақтаудың, бейбітшілік пен келісімді, өзара құрметті нығайтудың маңызды орталығына айналады.

Храмның құрылысы мен абаттандырылуына үлес қосқан барша азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Храмның есігі рухани демеу, үміт пен жан тыныштығын іздеген әрбір адам үшін әрдайым ашық болсын.

Баршаңызға өсіп-өркендеу, берекелі қызмет, игілік және Құдайдың жарылқауы мен көмегін тілеймін.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді