8 тамыз 2026 жыл. Жезқазған. Облыс әкімдігінде Қарағанды және Шахтинск архиепископы Севастианның Ұлытау облысының әкімі Есет Берікұлы Байкенмен кездесуі өтті.
Кездесудің басында Қарағанды епархиясының басқарушысы облыс басшысына өзінің викарийі – ағымдағы жылдың 16 шілдесінде Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің және Қасиетті Синодтың шешімімен Қазақстанға тағайындалған Сәтбаев архиепископы Ипатийді таныстырды.
Кездесуге қатысқандар: епархиялық басқарма хатшысы протоиерей Димитрий Патрикеев; облыс әкімінің орынбасары Б.У. Жайлаубаев және Дін істері басқармасының басшысы Дулат Р. Төлегенов.
Архиепископ Севастиан Е.Б. Байкенге Қазақстан Православие шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың ізгі тілектерін жеткізді.
Әңгімелесу барысында Қарағанды епархиясы мен облыс басшылығы арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелері қаралды.
Архиепископ Ипатий әкімге өзінің өмір жолы және Чукоткадағы архипастырлық қызметі туралы айтып берді. Өз кезегінде өңір басшысы архипастырларға Қазақстан Республикасы Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың 2022 жылғы 8 маусымдағы Жарлығымен құрылған Республиканың ең жас облыстарының бірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы баяндады.
Кездесу соңында архиепископ Севастиан әкімге Қарағандылық әулие Севастиан және Қарағанды храмдары туралы кітапты тарту етті. Өз кезегінде Есет Берікұлы архипастырларға ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағын және көрнекті қазақ геологы әрі қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевқа арналған кітапты сыйға тартты.
Серафимо-Феогностов атындағы ерлер монастырінде көктегі қамқоршыларының қасиетті жәдігерлеріне арналған жаңадан жасалған рака орнатылды
Толығырақ
Алматыда Ұлы шейіт әрі емші Пантелеймонның еске алу күні дұға бағышталып атап өтілді
Толығырақ
Ұлытау облысының әкімі Е.Б. Байкенмен Қарағанды және Шахтинск архиепископы Севастианның Сәтбаев архиепископы Ипатийиен кездесуі өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр