31 тамыз 2026 жыл. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Олжас Абайұлы Бектеновты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады.
Құттықтау хатында, атап айтқанда, былай делінген:
Сізді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі секілді жоғары әрі жауапты қызметке тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Бұған дейін атқарушы билікке басшылық еткен жылдары Сіз ел экономикасын серпінді дамытуға, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және жалпыұлттық маңызы бар өзекті мәселелерді шешуге бағытталған білікті әрі көреген мемлекеттік қайраткер ретінде өзіңізді таныта білдіңіз.
Сіздің осы жоғары жауапкершілікті қызметке қайта тағайындалуыңыз – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Сізге білдірген зор сенімінің және ел алдындағы еңбегіңізге берген жоғары бағасының айғағы. Алда Үкіметтің алдында жаңа әрі ауқымды міндеттер тұр. Оларды нәтижелі жүзеге асыру қазақстандықтардың әл-ауқатына және Отанымыздың одан әрі өркендеуіне тікелей ықпал етпек.
Мемлекеттік билік пен Қазақстан Православие Шіркеуі арасында қалыптасқан өзара түсіністік пен ізгі қарым-қатынасты жоғары бағалаймын. Бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайту, жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру және ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан отбасылық құндылықтарды сақтау жолындағы ортақ еңбегіміз алдағы уақытта да игі нәтижелерін беріп, баршаға ортақ шаңырағымыздың игілігіне қызмет ететініне сенімдімін.
Құрметті Олжас Абайұлы, Сізге зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, даналық және Қазақстанның игілігі жолындағы алдағы еңбегіңізде Жаратқан Иенің жәрдемін шын жүректен тілеймін!
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр