31 тамыз 2026 жыл. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Ерлан Тынышбайұлы Қаринді Қазақстан Республикасының Вице-президенті қызметіне тағайындалуына байланысты құттықтап, ізгі тілегін жолдады:
Құрметті Ерлан Тынышбайұлы!
Сізді Қазақстан Республикасының Вице-президенті жоғары әрі жауапты қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Көп жылдар бойы мемлекеттік қызметтің түрлі жауапты лауазымдарында еңбек ете жүріп, Сіз қоғамдық-саяси саланың дамуына, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара түсіністік пен диалогты нығайтуға, сондай-ақ еліміздегі азаматтық институттардың бірлігін бекемдеуге елеулі үлес қостыңыз.
Бүгінде Сіз осынау жоғары лауазымға кірістіңіз. Бұл – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Сізге білдірген зор сенімінің, сондай-ақ депутаттар корпусының кандидатураңызды қолдауының айқын көрінісі. Алдыңызда ауқымды қызмет пен маңызды міндеттер тұр, ел өмірі үшін мәні зор келелі мәселелерді шешуге тура келеді.
Мемлекет басшылығы, Қазақстан Православие Шіркеуі және қоғам арасындағы игі ынтымақтастық алдағы уақытта да еліміздің әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени дамуына, этносаралық және дінаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, сондай-ақ замандастарымыздың өмірінде мәңгілік адамгершілік құндылықтар мен дәстүрлі отбасылық құндылықтардың орнығуына өз септігін тигізетініне кәміл сенемін.
Құрметті Ерлан Тынышбайұлы, Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, атқарып отырған абыройлы қызметіңізде толағай табыстар және Қазақстанның игілігі жолындағы еңбегіңізге Жаратқан Иенің мол жәрдемі мен берекесін тілеймін.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр