Аса құрметті Жоғары мәртебелі!
Қазақстан жерінде қасиетті нұрын шашқан жаңа шейіттер мен тәубешілер құрметіне арналған мемориалдық ескерткіш-храмның ашылуына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз.
Тарих рухани және зияткерлік тұрғыдан салауатты қоғамның тарихи жадты сақтамай, өз елінің және халқының өткеніне терең құрметпен қарамай өмір сүре алмайтынын айқын көрсетеді.
Алдыңғы буындардың, соның ішінде олардың басынан өткен қайғылы оқиғаларға толы өмір жолы мен ерлігінің тағылымы қоғамның бірлігін нығайтуда, жас ұрпақты тәрбиелеуде, шынайы отансүйгіштікті қалыптастыруда және терең діни сезімді орнықтыруда зор маңызға ие. Бұл – ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, кейінгі буын сақтауға тиіс құндылықтық және адамгершілік бағдарлар.
Қазіргі заманның басты міндеттерінің бірі – тарихи жады орындарын сақтау, адам өткенмен жүздесіп, уақыттар сабақтастығының ажырамас байланысын сезіне алатын мемориалдар мен музей кешендерін құру.
Қазақстанда тарихи ескерткіштерге аса ұқыпты көзқарас қалыптасып, музей ісі жүйелі түрде дамып келе жатқаны және христиандық жаңа шейіттер мен тәубешілерді қоса алғанда, ерлік көрсеткен тұлғаларды ұлықтау дәстүрінің кеңінен таралуы қуантады.
Мұндай ұстанымның жарқын мысалы – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл Қасиетті Тақсырлығының Лисья балкасында ғибадатхана-ескерткіш салу туралы ұсынысын қолдауы.
Осындай маңызды бастаманы жүзеге асыруға, сондай-ақ қоғамның рухани-адамгершілік және діни ағартуына қосқан үлесіңіз үшін Сізге, құрметті әмірші, сондай-ақ бүкіл Митрополиттік округтің епископатына және дін қызметкерлеріне ерекше ризашылығымды білдіргім келеді.
Жаңа православ храмы мәңгілік құндылықтар – бейбітшілік, мейірімділік, ізгілік пен жанашырлықтың көрнекі нышаны болсын.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр