13 ақпан 2025 жыл. Астана. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астанадағы Успен кафедралды соборының кілтшісі протоиерей Дмитрий Байдек Республика астанасы әкімдігінің «Қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдарды әлеуметтендіру Орталығы» қамқорлығындағылармен болған кездесуге қатысты.
Іс-шара елорданың Ішкі істер департаментімен ұйымдастырылды.
Кездесуге полиция өкілдері, дәрігерлер, оңалту орталығының қызметкерлері мен тәрбиеленушілері қатысты.
Қарым-қатынастың негізгі тақырыбы өмірлік қиындықтарды жеңу және қоғамға жат мінез-құлыққа қатысты заңнамалық нормаларды нақтылау мәселелері болды.
Протоиерей Димитрий Байдек жиналғандарға рухани өмір сынақтар мен қиын өмірлік жағдайларды жеңуге қалай көмектесетіні туралы айтып берді. Сондай-ақ тәлімгер зиянды заттарға тәуелділіктен зардап шегетін адамдарды оңалту процесінде қоғам мен мемлекет тарапынан қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Әңгімелесу кезінде ашық пікірталас өтті, оның барысында орталықтың тәрбиеленушілері сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісуге мүмкіндік алды.
Іс- шара соңында ұйымдастырушылар конструктивті диалог үшін барлық қатысушыларға алғысын білдірді және мұндай кездесулер әлеуметтендіру аясында салауатты атмосфераны құруға көмектесетініне сенім білдірді.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр