Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Митрополиттік округінің ресми сайтында «Мәңгілік полк» фотогалереясы орналастырылуда.
Бұл шара алғаш рет 2020 жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналды.
Дінбасылар қолдарына Ұлы Отан соғысына қатысқандардың - туыстары мен жақындарының портреттерін ұстап тұрды.
Еске алу іс-шарасына батасын бере отырып, митрополит Александр, атап айтқанда былай деді: «Жеңіс күні Пасха қуанышымен нұрланып, сонымен бірге сансыз жоғалтудан түскен қайғы мен мұңда сабяырлайды. Сонау қырқыншы жылдардағы Атамекініміздің басына түскен апат, туған жерін қорғауға бір серпіліспен тік тұрған халқымызды біріктірді. Дүние жүзіне ең жоғары жанқиярлық пен отанға берілгендіктің үлгілері көрсетілді; миллиондаған ерлер мен әйелдер Мәсіхтің өсиетін орындады: «Өзінің достары үшін жанын қиюдан асқан сүйіспеншілік жоқ». Тарих ағымы айғымас, және сұрапыл соғыс жылдарында соғыс қимылдарына қатысып, тылда еңбек еткендер азайып бара жатқанымен, Жеңістің ұлылығы мен әкелер мен аталар ерлігінің маңызы халық санасында күн өткен сайын айқындала түсуде. «Мәңгілік полк» шарасы – соғыс қаһармандарына деген құрметтің айқын белгісі, ұрыс даласында қаза тапқан Отан қорғаушыларға, «Жеңіс жолында аянбай еңбек еткендерге» деген құрмет. Ұлы Жеңісті еске алу құрметіне біз Митрополиттік округтің ресми сайтының айдарында соғысқа қатысқан дін қайраткерлері мен тыл еңбеккерлерінің және жеңімпаздардың портреттері бар пасторлардың суреттерін орналастырып жатырмыз».
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр