ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және қоғам
08.05.2025, 16:00

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында митрополит Александр бастаған Алматының діни қызметкерлері 28 Гвардияшы-Панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында митрополит Александр бастаған Алматының діни қызметкерлері 28 Гвардияшы-Панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды

8 мамыр 2025 жыл. Алматы. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр қала шіркеулерінің діни қызметкерлерімен бірге 28 Гвардияшы- Панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты іс-шараға қатысқандар: Астана епархиясының викарийлері – Қазақстан Митрополиттік округі істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий, Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин; Оңтүстік астана шіркеулерінің құрметті өкілі Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Алматы епархиясының діндары архимандрит Иоанн (Сазонов); Митрополиттік округтің бөлімдері мен комиссияларының қасиетті дәрежедегі басшылары, Алматы епархиясының шіркеу округтерінің құрметті өкілдері, Оңтүстік астана шіркеулерінің басшылары мен дін қауымы, Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері, Алматы православиелік рухани семинариясының студенттері, Оңтүстік астана шіркеулерінің приходтары.

Митрополит Александр мен діни қызметкерлер Қазақстан Православие Шіркеуі атынан мемориалға гүл шоқтарын қойды. Дін қауымы пасхалық тропарионды шырқады. «Ұрыс даласында жанын қиып, жарақат пен аштықтан қаза тапқан, тұтқында және азапты еңбекте жазықсыз азапталып, көз жұмған көсемдер мен жауынгерлерге, Жеңіс жолында еңбек етіп, сұрапыл соғыс уақытында қаза тапқандардың барлығына» дұға бағышталды.

Салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қатысты.

8 және 9 мамырда Қазақстан Православие Шіркеуінің барлық епархияларында көсемдер мен жауынгерлерді, тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алу іс-шаралары, Жеңіс ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтеді.

«Сіздерді осы айтулы мерейтой – Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл даңқты мерейтойды ұлты мен дініне, жасына және саяси сеніміне қарамастан бәрі тойлайды. Ұлы Жеңіс адам баласын жек көрушілік нәсілшіл  идеологияның тетігін бұзған, бұрын ірі державаның құрамында болған тәуелсіз мемлекеттердің азаматтарын біріктіруді бұрынғыдай жалғастыруда.

Адамзатты толық құлдықтан құтқару жолындағы қанды шайқастағы Жеңісті еске ала отырып, Ұлы Отан соғысы майдандарында шайқаста қаза тапқан, жарақаттар мен аштықтан қаза тапқан, қоршау кезінде қаза тапқан, азапталып, тұтқында қаза тапқандардың барлығына дұға бағыштаймыз. Жеңіс үшін тер төккендердің барлығына құрмет көрсету арқылы біз болашақ ұрпақпен байланысымыздың берік негізін қалаймыз. Әрқашан жарқын Пасха күндерінде тойланатын Ұлы Жеңіс мерекесі, соғыстың қасіретін және соғыстан кейінгі кезеңнің ауыртпалығын білмеген бізге өмірлік бағдар болып, бейбітшілік пен келісімді сақтауға үйретіп, жақындарымыз бен ортақ Отанымыз – құтты Қазақстанның игілігі үшін еңбек етуімізге көмектесетін қуатты біріктіруші күш болғай. Митрополит Александрдың сөзінен.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді