ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және қоғам
10.05.2025, 12:15

Елордалық шіркеу округінің құрметті өкілі Астанада өткен Ұлы Жеңіске арналған мерекелік іс-шараларға қатысты

Елордалық шіркеу округінің құрметті өкілі Астанада өткен Ұлы Жеңіске арналған мерекелік іс-шараларға қатысты

9 мамыр 2025 жыл. Астана. Ресей елшілігінің бастамасымен Қазақстан астанасында «Отан қорғаушылар» («Защитникам Отечества») монументіне, 28 жауынгер-панфиловшылар мемориалына, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының батырлары – Бауыржан Момышұлы, Маншук Мәметова, Әлия Молдағұлова және  Рақымжан Қошқарбаев ескерткіштеріне салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімдері өтті.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының құрметті қарауыл ротасы мен Орталық әскери оркестрінің сүйемелдеуімен Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі А.Н. Бородавкин, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ҚК Бас штабының басшысы генерал-лейтенант С.Б. Камалетдинов, сондай-ақ Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алды.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың батасымен Митрополиттік округтің атынан салтанатты шараларға Астана шіркеу округінің қүрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) қатысты.

Салтанатты шараға ТМД қатысушы-мемлекеттер Елшіліктерінің дипломаттары мен қызметкерлері, әскери атташе офицерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері, ресейлік отандастар ұйымдарының белсенділері, жастар және мәдени бірлестіктердің белсенділері, журналистер мен қаланың көптеген тұрғындары қатысты.

Барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтап, ардагерлерге шын жүректен алғысын білдірген Ресей елшісі А.Н. Бородавкин: «Бүгінде ТМД елдерінің барлығында, соның ішінде Ресей мен Қазақстанда да еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап, адамзатты фашистік лаңкестіктен азат еткен әкелерімізге, аталарымызға, арғы аталарымызға шексіз алғыс сезімімен кеңінен және салтанатты Жеңіс күні түрде тойлануда.

Біз бүгін дос елдердің елшілерімен бірге мәңгілік алау мен Отан монументіне, сондай-ақ 1941 жылдың күзінде Мәскеуді қорғап, неміс-фашист басқыншыларына астанаға кіруге жол бермеген 28 батыр-панфиловшыларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойдық.

Осындай салтанатты жағдайда оркестрмен және республика Қорғаныс министрлігі басшылығының қатысуымен өткен салтанатты шараны ұйымдастырғаны үшін Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне алғысымызды білдіреміз. Астананың көптеген тұрғындары осында өз жүректерінің үнімен гүл шоқтарын қойып, Отанымызды қорғауға ерлік көрсеткен Қызыл Армия жауынгерлерін еске алу үшін және алғысын білдіру үшін келді».

Сол күні Елшілік қызметкерлері Астананың жерлестер ұйымдарының өкілдерімен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне барып, Жеңіс мерейтойымен құттықтап, естелік сыйлықтарды табыс етті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді