14 желтоқсан 2025 жыл. Алматы. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Михайлович Пономаревпен кездесті.
Кездесуге қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округінің регенті, орыс шіркеуінің ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархалдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников; Митрополиттік округтің ақпараттық- баспа бөлімінің басшысы, Алматы православиелік рухани семинариясының ректоры протоиерей Евгений Иванов; Митрополиттің көмекшісі П.В. Соколов.
Иерарх Сергей Михайловичке Мемлекет басшысының Қ.-Ж.К. Тоқаевтың шақыруымен 16-18 қыркүйек аралығында Астанаға келген Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы, Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысы Кириллдің Қазақстанға сапары туралы айтып берді. Митрополиттік округтің Басшысы сұхбаттасушымен Патриарх Кирилл Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы рухани байланысты нығайтуға қосқан үлесі және ерекше құрмет белгісі ретінде еліміздің ең жоғары наградасы «Алтын Қыран» («Золотой орел»)орденімен марапатталған кездесуінен алған жағымды әсерлерімен бөлісті.
Митрополит Александр Қ.-Ж.К. Тоқаев бастаған шіркеу мен мемлекет ынтымақтастығын нығайтуға және тату көршілік қарым-қатынастарды дамытуға және дінаралық татулықты сақтауға бағытталған Қазақстан басшылығының назарын жоғары бағалайтынын атап өтті.
Сұхбаттасушылар биыл 30 жылдығын атап өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне жоғары баға берді.
Ұйым өзара келісім бойынша этностарды біртұтас ұлтқа біріктіруде, рухани бірлік пен ұлтаралық келісім идеяларын жүзеге асыруда, патриоттық сезімді дамыту мен нығайтуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Әлемде теңдесі жоқ Ассамблея Қазақстанның саяси және әлеуметтік жүйелерінің толыққанды субъектісіне, ел халықтары арасындағы өзара түсіністіктің, құрмет пен достықтың символына және халық дипломатиясының шынайы институтына айналғаны атап өтілді.
Кезлесуде Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы мен Митрополит округінің бірлескен мәдени-ағартушылық, әлеуметтік және қайырымдылық жобалары аясындағы өзара іс-қимылы ерекше талқыланды.
Митрополит Александр С.М. Пономарев ті Астанадағы Успен кафедралды соборындағы Кирилл мен Мефодий әулиелері атындағы православиелік рухани-мәдени және әкімшілік орталыққа және салынып жатқан білім орталығына шақырды.
Кездесуді еске алу мақсатында Митрополит Александр Қазақстан орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысына өзінің ғылыми еңбегін, «Орталық Азиядағы христиан дінінің тарихы» кітабын және Митрополит округінің 2026 жылға арналған күнтізбесін табыс етті.
Өз кезегінде Сергей Михайлович архипасторға «Менің Отаным – Қазақстан» атты суреттелген альбомды сыйға тартты.
Митрополиттік округтің Басшысы мәңгі есте сақталатын игумения Рафаила (Василенко) рухына арнап литиа жасады
Толығырақ
Митрополит Александр Алматыдағы Матрона храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Қазақстан Митрополиттік округінің архиерейлері Псков епархиясына Құдай Анасының ғажайып Феодоровская белгішесінің әкелінуіне орай өткен рухани салтанаттарға қатысты
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр