20 қаңтар 2026 жылы Астана қаласында «БАҚ-тағы дін стереотиптерсіз көзқарас» атты конференциясы өтті.
Іс-шара медиа кеңістікте діни тақырыптарды жариялаудың этикалық және құқықтық стандарттарын қалыптастыру мақсатында сарапшыларды, журналистерді және діни бірлестіктердің өкілдерін біріктірді.
Конференция Қазақстандағы Діни бірлестіктер қауымдастығы (АРОК), «Media Qoldau» Құқықтық медиа-орталығы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) және Ұлыбритания Үкіметінің (UK Government) бірлескен ұйымдастыруымен өтті.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен форум жұмысына қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округі басқармасының істер жөніндегі басқарушысы, Қаскелең епископы Геннадий, Успен кафедралды соборының кілтшісі иеромонах Димитрий (Байдек), елорданың басты храмының клиригі иерей Виктор Дрожников, Алматы епархиялық басқармасының референті И. Тихомиров.
Өз сөзінде иерарх БАҚ өкілдері материалдарды дайындау мен жариялауда жауапкершілік пен кәсібилік танытуы қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ журналистердің діни ұйымдардың әлеуметтік және қайырымдылық қызметін белсендірек жариялауы маңызды екенін айтты.
Спикерлердің баяндамаларынан кейін пікір алмасу өтті.
Астана және Алматы епархияларының өкілдері «БАҚ-тағы дін стереотиптерсіз көзқарас» конференциясына қатысты
Толығырақ
Митрополит Иосифтің (Чернов) мемориалдық үй-мұражайының музей қорлары жаңа экспонатпен толықты
Толығырақ
Митрополиттік округтің Басшысы марқұм архиепископ Серапионға (Колосницын) бағыштап лития жасады
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр